«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУЛЕР АЯСЫ КЕҢЕЙЕ ТҮСТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүлмира ЗЕЙНУЛЛИНА,

“Даму” қоры АҚ-ы облыстық филиалының менеджері.

Өткен кезең ішінде “Даму” қоры және “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламалары бойынша мемлекеттік қолдау алудың шарттары жан-жақты түсіндірілді. “ҚазАгроҚаржы” АҚ, “Аграрлық кредиттік корпорация” АҚ және “Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры” АҚ арқылы жеңілдетіп қаржыландыру шарттары қосымша жарияланды, мұнымен қатар бизнесті ұйымдастыру және тиімді жүргізу жөніндегі түсінік беру жұмыстары жүргізілді. Жалпы айтқанда, осы жылғы қазан айында солтүстікқазақстандық КҚОО барлық аудан орталықтарына – 72 және ауылдық елді мекендерге 22 рет барып, 450-ден астам шағын және орта бизнес өкілдеріне, сол сияқты өз кәсібін ашқысы келетін жеке тұлғаларға ақыл-кеңес берді.

“Даму” қорының кепілдігін қалай алуға болады? Мемлекеттік грант алу үшін қандай талап қойылады? Ауыл шаруашылығына лизингтің қандай шарттары бар? “Бизнес-кеңесші” бойынша оқыту қашан жүргізіледі және іс басындағы кәсіпкерлер үшін тегін сервистік қызметтерді қалай алуға болады?” осы сұрақтар ауылдықтарды көбірек қызықтырады.

Облыс аудандарының тұрғындарына “Даму” қорының белгісі бар автобус жақсы таныс, өйткені оның әрбір сапары жергілікті кәсіпкерлерге өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша ақыл-кеңес алуына мүмкіндік береді, олармен әңгімелесу өткізеді, ал ең бастысы сол автобустың ішінде көптеген мемлекеттік бағдарламалар бойынша қолдау алуға өтініш бере алады.

Сол сияқты “Даму” қорының жанындағы кәсіпкерлікті қолдау орталығының кеңесшілері де Петропавл қаласында қыркүйек және қазан айларында өңірдің екінші деңгейлі банктері филиалдарының менеджерлері үшін ақпараттық кездесулер циклін өткізді. Аталмыш шараларды өткізудің мақсаты Үкіметтің 2013 жылғы 17 мамырдағы қаулысымен қабылданған “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды жүзеге асырудың жаңа шарттары туралы банк қызметкерлеріне ақпарат беру болды.

Шараға қатысқан банк өкілдерін бағдарламадағы жобаларды жүзеге асырудың нақтылы іс-әрекеттері қызықтырды. Мысалы, “Еуразиялық Банк” АҚ филиалы директорының орынбасары Гнела Арзуманян нақтылы кредит бергеннен кейін алты айдан соң сыйақы ставкаларының ауыспалыдан бекітілген ставкаға өзгеруі жөнінде өңірлік үйлестіру кеңесінің жобаны қайыра қарау мүмкіндігіне қызығушылық танытты. Өз кезегінде “БТА Банк” АҚ филиалы директорының орынбасары Дмитрий Боровков өңірлік үйлестіру кеңесінің кредиттік бағыттарында бекітілген мөлшердегі қолжетімдігі кезеңі өзгергеннен кейін, сол сияқты қаржыландыру мерзімдері ұзартылған жағдайда демеуқаржы алуды жалғастыру мүмкіндігі туралы сұрақ қойды.

Екінші деңгейлі банк өкілдерімен өткізілген кездесулер нәтижесінде қатысушылар тұсаукесер барысында туындаған барлық сұрақтарына жауап алды. Сондай-ақ екінші деңгейлі банк өкілдері мұндай ақпараттық кездесулер өткізуді “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулардың төртінші пакеті бекітілгеннен кейін де жалғастыруды ұсынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp