«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨҢІРДЕГІ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2013 жылғы 1 қазанға облыс бойынша 9285 заңды тұлға тіркелген.

Тіркелген заңды тұлғалар көлемі бойынша төмендегіше бөлінді: шағын (50 адамға дейін) – 8587 (92,5%), орта (51-ден 250 адамға дейін) – 629 (6,8), ірі (250 адамнан артық) – 69 (0,7%).

5634 заңды тұлға белсенді болып табылды (60,7%), 550 (5,9) уақытша жұмыс істемейді, 302-ы (3,2) – әлі жұмыс істемейтіндер (жаңалары), 94 (1,0%) – таратылу үстінде.

7023 заңды тұлға (75,6%) жекеменшік, 1864 (20,1) мемлекеттік меншік нысанында және 398 (4,3%) – шетелдік нысан меншігінде.

Тіркелген заңды тұлғалар ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары бойынша төмендегіше бөлінді: шаруашылық серіктестіктер – 6105 (65,8%); мекемелер – 1593 (17,1); тұтыну кооперативтері – 643 (6,9); мемлекеттік кәсіпорындар – 334 (3,6); қоғамдық бірлестіктер – 302 (3,2); қорлар – 101 (1,1); діни бірлестіктер – 63 (0,7); өндірістік кооперативтер – 64 (0,7); акционерлік қоғамдар – 47 (0,5); қауымдастық түріндегі заңды тұлғалардың бірлестіктері – 27 (0,3); коммерциялық емес ұйымдастырудың басқа да ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары – 6 (0,1%).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp