«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАҚЫТ КІЛТІ – ЕҢБЕКТЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әйел – отбасының қазығы. Ол ұрпақ сабақтастығын жалғайды. Соншама нәзік болғанымен, қыз-келіншектер табиғатынан қайратты, жігерлі. Қазір өз жұмысын дөңгелетіп, отбасыға кіріс келтіріп отырған аналар саны қаншама?! 

Бақытжан СӘМИЕВА,

облыстық іскер әйелдер

қауымдастығының төрайымы.

Отбасыға ғана емес, қоғамға да көмегін тигізіп отырған қыз-келіншектер бүгінде мемлекет тарапынан барлық қажетті көмек алып, қолдау табуда.  

Облыстық іскер әйелдер қауымдастығы да осы орайда жоспарлы түрде жүйелі жұмыс атқарып келеді. Біздің негізгі мақсатымыз – әйел-аналардың ерлермен қатар еңбек етіп, биік белестерден көрінуіне қолайлы жағдай жасау. Бірлесіп, ортақ мақсатқа қол жеткізу. Қуаныштысы – біздің өткізетін іс-шараларға қатысушылар саны артып келеді. Жақында ғана М. Жұмабаев ауданына қарасты Булаево қаласында іскер әйелдердің облыстық слеті өтті. Оған қатысқан әрбір әйел өзінің еңбек жолын тілге тиек етіп, соның нәтижесінде қол жеткізген жетістіктерімен бөлісті. Тыңдап отырсаң, олардың барлығы жемісті еңбекке жету үшін шағын ғана қадамнан бастаған екен. Мәселен, Надежда Пирожкова есімді әйел бастапқыда төсек-орындарды тігумен айналысқан. Еңбек ете жүріп, ол медицина саласы бойынша екінші жоғары білім алған. Нәтижесінде дәріханалар ашып, оның жұмысын ұйымдастыруда. Ал Людмила Симбирцева мен Екатерина Доставалова да қарап отырған жоқ. Бірі – сауда-саттықпен, екіншісі ұстаздық жолда жүргендеріне қарамай, бүгінде өз ісін ашып, еңбектену үстінде. Бұлар мемлекет тарапынан көрсетілетін көмекті пайдалана білген әйел-аналардың бірқатары ғана. Елді мекендерде де заман талабына сай әйел-аналардың көбейіп келе жатқандығы көңілге қуаныш ұялатады. Еңбегімен еленіп отырған осындай қыз-келіншектер кімге болса да, үлгі болары айдан анық.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp