Заңсыз жолмен үш сібір елігін атып алған Жамбыл ауданындағы Баян ауылының тұрғыны қылмыстық жауапқа тартылды.
Ол рейд шараларын жүргізу барысында орман ішінде ұсталған. Жамбыл АІІБ қызметкерлері мен қорықшылар Баян ауылынан 6 км. қашықтықта “УАЗ-452” автокөлігін байқаған. Көліктің ішін тінту кезінде үш еліктің ұшасы, тіркелген 12 калибрлі аңшы мылтығы мен 16 оқ табылды. 54 жастағы ауыл тұрғыны автокөлікті көршісінен сұрап алып, сыпырғыштық бұтақтар әкелу үшін орманға шыққан. Осы сәтте еліктерді көріп, оларды атып алып, үйіне әкетіп бара жатқан жерінен полицейлерге тап болған. Рұқсат ету құжатынсыз аң аулаумен айналысуға болмайтынын біле тұрып, осындай заңбұзушылыққа барған ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғау бойынша материалдар жиналуда.
Жыл басынан бері аң аулау ережесін бұзудың 226 фактісі тіркелген. Ірі шығынына байланысты соның үшеуі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.