«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КИНОДАН КӨРГЕНДЕРІН ІСТЕП, киім ұрлаған жеткіншектер құрықталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда 16 жастағы бозбала жоспарлап келген бірқатар қылмыстың беті ашылды.

“Спорт мастер” дүкенінің қауіпсіздік қызметінің директоры дүкен ішін аралап жүріп, қыруар тауардың жетіспейтінін байқаған. Нәтижесінде бейнекамералар арқылы киім ұрлаған Петропавл қаласының үш тұрғыны анықталды. Олардың екеуі кәмелеттік жасқа толмаған.

Қыркүйек айында 16 жастағы ер бала осы дүкенде спорт киімін ұрлап бара жатқан жерінен ұсталған болатын. Дүкен әкімшісі бозбаланың ата-анасын шақыртып, тауардың құнын төлеткен. Бірақ бұл оқиға ұрлықшы балаға сабақ болмаған сыңайлы. Қалалық ІІБ тергеушісі Әсел Бердібекованың айтуынша, жасөспірім шетел фильмін қарап, ондағы бас кейіпкердің киім ұрлау әрекетін өмірде қайталамақ болған. Ауладағы екі танысын осы іске тартып, жоспар бойынша әрекет еткен. Еш нәрсені білдіртпеу мақсатында олар дүкенге өздерімен бірге ақша мен рюкзак ала келеді. Екеуі ұқсас киімдерді киіп көріп, ұнатқандарын орындықтың арқасында қалдырып отырған. Осы сәтте үшінші жасөспірім жаюлы тұрған киімдерді байқатпай, рюкзакқа салып, шығып кеткен. Сөйтіп, пысықайлар 84 мың теңгенің тауарын қолды еткен.

Тергеу кезінде жеткіншектер өз кінәлерін мойындап, ата-аналары ұрланған тауардың құнын толық қайтарды. Қылмыстық іс қозғалды.

СҚО ІІД-нің баспасөз қымзеті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp