«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАҒЖАН АТЫНДАҒЫ КОЛЛЕДЖДЕ қолмергендер көп екен

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Сұңқар” спартакиадасының бір сайысы – дартстан өткен жарысқа қатысқандар Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжде тоғысты.

Бірінші жүлдені жарыс иелері өздерінде қалдырды. Жәлел Қизатов атындағы Есіл ауыл шаруашылығы колледжінің командасы жарыс тұғырының екінші сатысына көтерілсе, үшінші орынды Петропавл темір жол көлігі колледжінің құрамасы місе тұтты.

Қыздар арасында жұмабаевтық Ксения Шурубова қолмергендердің үздігі болып танылды. Одан кейінгі ұпай иесі – осы колледжде оқитын Диана Разова. Ал үшінші нәтижеге Петропавл құрылыс-экономика колледжінің студенті Зәмзәгүл Байзақова лайықтығын дәлелдеді.

Жігіттердің озығы – Қуандық Сапарғалиев (ПГК). Оның командалас серігі Илья Белый – екінші, есілдік Валерий Тыртышный – үшінші жүлде иесі.

Өңірлік Дене шынықтыру, спорт және алғашқы әскери даярлықтың оқу-әдістеме орталығы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp