«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЗБЕК ӘБДІҒАПАРОВТЫҢ ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өткен сенбі және жексенбі күндері Есіл ауданындағы Петровка ауылында техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарының тәрбиеленушілері “Жас сұңқар” спартакиадасының бағдарламасы бойынша үстел теннисінен, шахматтан және тоғызқұмалақтан өткен жарыстарға қатысты.

Үстел теннисі бойынша жігіттер жарысында Тайыншадағы агробизнес колледжінің командасы жеңіске жетті. Екінші жүлдені Новоишимка агротехника колледжі иеленді. Жүлделі үштікке Қызылжар агротехника колледжінің командасы кірді. Қыздар арасында тағы да тайыншалықтар топ жарды. Жарыс иелерінің командасы оларға жол беріп қойды. Үшінші жүлдені қызылжарлықтар қанжығаға байлады.

Жігіттер арасында жеке жарыста тайыншалық Дмитрий Артеменконың жолы болды. Одан кейінгі орынға новоишимкалық Ілияс Ахметов қол жеткізді. Үшінші дәрежелі жүлдеге петровкалық Алмаз Қадыров лайық өнер көрсетті.

Қыздар тобының жеңімпазы – тайыншалық Татьяна Жуковская. Петровкалықтар Анна Журавлева мен Райгүл Жүнісова кейінгі екі орынды бөлісті.

Шахматшылардың үздік командасы – петровкалықтар. Айыртаулықтар – екінші және тайыншалықтар – үшінші орындарда.

Жекелей есепте петровкалықтар Қазбек Әбдіғапаров пен Қызғалдақ Қазиева өзгелерден озды.

Тоғызұмалақ жекпе-жектерінде петровкалықтар айрықша шеберлік көрсетті. Тайыншалықтар мен қызылжарлықтар жеңімпаздарға жол берді.

Қазбек Әбдіғапаров тоғызқұмалақтың да шебері екенін айғақтады. Қыздар тобында петровкалық Елена Викторова жеңіс тұғырына көтерілді.

 

Өңірлік Дене шынықтыру, спорт және алғашқы әскери даярлықтың оқу-әдістеме орталығы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp