«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰРЫНЫ ИТ ҰСТАП БЕРДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Айыртау ауданының полицейлері “Терем” деген иттің көмегімен пәтер ұрлығының ізін суытпай ашты. 

Новоукраинка ауылының тұрғыны полицияға келіп, үйінен белгісіз біреудің аса қымбат DVD плеерді қолды еткенін хабарлаған. Тергеу-жедел тобы үй қожайының кіреберіс есігінің құлпы сынып қалғанын анықтайды. Арызданушының айтуынша, ұрлық күндізгі сағат екі шамасында үйде ешкім болмаған сәтте орын алған.  

АІІБ инспектор-кинологы Марат Ахметов итінің көмегімен үйдің ауласын тінте бастайды. Осы жерде жануар қырағылық танытады. Балық аулайтын тордың жанынан күдіктінің иісін сезген ит полицейлерді ауылдағы үйлердің біріне алып келеді.

Тергеу барысында анықталғандай, жәбірленушінің үйіне жуық арада ауыл тұрғыны келіп, балық аулайтын тор сатып алуын ұсынған. Бірақ ер адам бұдан бас тартып, өзінде тор бар екенін айтқан. Ұры өзімен бірге үйден шығып келе жатқан үй қожайынының құлпының сынып жатқанын байқап қалады. Үйде ешкімнің жоғын пайдаланбақ болып, ауыл тұрғыны кейін қайта келіп, DVD плеерді қолды еткен. Өзінің балық аулайтын торын сол үйдің қора-қопсысының маңына қалдырып кеткен. Келесі күні-ақ плеерді аудан орталығында сатып, 500 теңгені спирттік ішімдікке жұмсап жіберген.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp