«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 15.11.2013

АПТАЛЫҚ ӨТЕДІ

18-22 қараша аралығында өңірімізде “Қазақстандағы туризм апталығы” өтеді. Апталық облыс оқушыларының арасындағы “Менің Отаным – Қазақстан” тақырыбындағы шығармалар конкурсымен ашылады. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде республиканың курорттары туралы лекциялар, туристік фирмалар өкілдерінің, оқытушылардың, студенттердің және Солтүстік Қазақстан облыстық Кәсіпкерлік және туризм басқармасының мамандарының қатысуымен “дөңгелек үстел” өткізу жоспарланған. Туристік мамандық бойынша білім алып …

АПТАЛЫҚ ӨТЕДІ Read More »

ОБЛЫСТАҒЫ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ

2013 жылғы 1 қазанда облыс тұрғындарының саны 576,7 мың адамды құрады, соның ішінде 241,2 мың адам (41,8%) – қалалық жерде, 335,6 мың адам (58,2%) ауылдық жерде тұрады. 2013 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша халықтың табиғи өсімі 782 адамды құрады, 2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте – 698 адам. Үстіміздегі жылғы қаңтар-қыркүйекте облыс бойынша жалпы халықтың табиғи өсімінің коэффициенті …

ОБЛЫСТАҒЫ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ Read More »

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАЛМҰХАНБЕТ ҚАСЫМОВТЫ…

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен. Қазақстан Президенті орын алған барлық құқықбұзушылықтарды түгелдей тіркеу және қылмыстың алдын алу шараларын жүйелі түрде жүргізу қажеттігіне тағы бір мәрте назар аударды. Өз кезегінде Қ.Қасымов құқықбұзушылықтың барлық түрін толық тіркеу есебінен олардың саны 28%-ға артқанынан хабардар етті. Бұл ретте бірқатар аса …

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАЛМҰХАНБЕТ ҚАСЫМОВТЫ… Read More »

… және МҰХТАР ҚҰЛ-МҰХАММЕДТІ ҚАБЫЛДАДЫ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады. М.Құл-Мұхаммед мәдениет саласын және ақпараттық кеңістікті жаңғырту, сондай-ақ Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндады. Мемлекет басшысы мемлекеттік телеарналарды оңтайландыру және мазмұндық сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. Министр ақпараттық саясаттағы тиісті жұмыстардың жүргізілуі туралы мәлімдеді. Атап айтқанда, мүлікке түгендеу …

… және МҰХТАР ҚҰЛ-МҰХАММЕДТІ ҚАБЫЛДАДЫ Read More »

МИНИСТРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУДІҢ жағдайы талқыланды

Сәрсенбі күні өңірімізге жұмыс сапарымен Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев келді. Сол күні министр мен облыс әкімі Самат Ескендіров жауапты ведомстволардың басшыларымен, құрылысшылармен кеңес өткізді.  Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. Облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы Ақан Қажкенов өңір жолдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша атқарып жатқан жұмыстарын баяндады. Үстіміздегі жылы 304 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Онда 42 …

МИНИСТРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУДІҢ жағдайы талқыланды Read More »

ТАРИХ ТАРЛАНБОЗЫ ЕЛДІҢ ЕСІНДЕ

Биыл облыс орталығындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік универси-тетіне академик М.Қозыбаевтың есімі берілгеніне 10 жыл толды. Осыған байланысты кеше аталмыш оқу орнында “Қозыбаев оқу – 2013” Қазақстан әлемдік мәдени-өркениет үдерісінде” деген тақырыпта халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.  Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. Алдымен облыс әкімі Самат Ескендіров пен конференцияға жиналған зиялы қауым өкілдері СҚМУ жанындағы М.Қозыбаевтың мүсініне гүл шоқтарын …

ТАРИХ ТАРЛАНБОЗЫ ЕЛДІҢ ЕСІНДЕ Read More »

СӨРЕГЕ ҚОЛ СОЗЫМ ҚАЛДЫ

Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының жедел деректері бойынша, 2013 жылғы 15 қарашаға дейін облыста 3550,6 мың гектар алқаптың немесе 99,4 пайызының дәнді дақылдары жинап алынды. 5193,6 мың тонна астық бастырылды. Өнімділік гектарынан 14,6 центнерден айналды (2012 жылы – гектарынан 12,9 центнер). Ең жоғары өнімділікке М. Жұмабаев (17,3 центнер), Қызылжар (16,9 центнер), Ғ. Мүсірепов атындағы (16,4 центнер) …

СӨРЕГЕ ҚОЛ СОЗЫМ ҚАЛДЫ Read More »

ЗАҢНАМАДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

Сейсенбі күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Қадырбектің төрағалық етуімен мемлекеттік органдардағы тәртіптік комиссиялардың жұмысы жөнінде семинар-кеңес өтті. Оған облыстың мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссияларының төрағалары, Құқықтық статистика және арнайы есеп басқармасының өкілдері қатысты. Ләйла ЖАНЫСОВА,“Солтүстік Қазақстан”. Кеңесте ҚР әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесіне және …

ЗАҢНАМАДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ Read More »

ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

“Нұр Отан” партиясының облыстық филиалында құқықтық статистика мәселелері бойынша “Ашық есік күні” өтті. Шараны “Нұр Отан” партиясы мен Құқықтық статистика басқармасы ұйымдастырды.  Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”. “Нұр Отан” партиясының облыстық филиалының қоғамдық қабылдауына азаматтардың көбі лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері жайлы шағым айтып, заңгерлердің кеңесін сұрап келеді. Осыған байланысты ұйымдастырылған шарада құқықтық статистика органдарына қатысты заңнамаға …

ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ Read More »

ШАҒЫН және ОРТА БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ тәртібі мен тетіктері туралы

“Нұр Отан” партиясының облыстық филиалында “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері жөнінде азаматтарды қабылдау жүргізілді. Мұндай шаралар бизнесті қолдау мақсатында барлық республика аумағында болып өтті.  Гүлбике КУБЕНОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Кәсіпкерлер партия ғимаратына аталмыш бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдау көрсетудің тәртібі мен тетіктері туралы ақпарат және ақыл-кеңес алу мақсатында келіпті. “Дөңгелек үстел” басына жиналған …

ШАҒЫН және ОРТА БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ тәртібі мен тетіктері туралы Read More »

ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖАНАШЫРЛЫҚ ЖАСАЛМАЙЫНША, мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту мүмкін емес

Елбасы өз Жолдауларында шағын және орта бизнесті дамытуға үнемі басымдық беріп, жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Сол себепті осы салаға тікелей қатысты шетін мәселелерге Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде назар аударылуы тектен-тек емес. Онда сөйлеген сөзінде Президент кәсіпкерлікті қолдау тақырыбына арнайы тоқталып, оны өрістетуде “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы тиімді тетікке айналғанымен, әлі де қадау-қадау проблемалардың кезігіп …

ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖАНАШЫРЛЫҚ ЖАСАЛМАЙЫНША, мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту мүмкін емес Read More »

Виктор ЛАДУНСКИЙ: “ЕҢБЕКАҚЫЛАРЫ ЖАҚСЫ БОЛҒАНДЫҚТАН, ЖҰМЫСШЫЛАР ӨЗ МІНДЕТТЕРІН АДАЛ АТҚАРАДЫ”

Айыртау ауданындағы Арықбалық ауылында орналасқан “Магзум и Миллениум” фермерлік шаруашылығы егін және қара мал өсіреді. Бұл салада әжептәуір тәжірибесі бар ФШ-ның жұмысымен танысуды жөн санап, оның басшысы Виктор Ладунскиймен кездестік.  – Виктор Адольфович, бұл кәсібіңізді қалай бастап едіңіз? – 1991 жылы фермер болдым. Сол жылдары 100 тонна ет өткізіп, оны тек 36 мың теңгеге бағалағанда …

Виктор ЛАДУНСКИЙ: “ЕҢБЕКАҚЫЛАРЫ ЖАҚСЫ БОЛҒАНДЫҚТАН, ЖҰМЫСШЫЛАР ӨЗ МІНДЕТТЕРІН АДАЛ АТҚАРАДЫ” Read More »

ҚАЛАҒА КӨШКЕНІМЕН, НЕСІБЕСІ ӘЛІ АУЫЛДА

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Жамбыл ауданынан қалаға қоныс аударған Жандос Қазиев өзінің табыс көзін Қызылжар ауданындағы “Петерфельд-Агро” ЖШС-нен тауып отыр. Облыс орталығына жақын елді мекенде орналасқан аталмыш кәсіпорын мал және егін шаруашылығымен қатар айналысады. Жандос алғашқы жылы мал шаруашылығында еңбек етсе, биыл егін орағына қатысқан. Механизаторлық кәсіптегі еңбек өтілі 25 жыл саналатын ол техника “тіліне” …

ҚАЛАҒА КӨШКЕНІМЕН, НЕСІБЕСІ ӘЛІ АУЫЛДА Read More »

ЕҢБЕГІ – ЕРЕН, ҚИМЫЛЫ – БЕРЕН

Бағлан ҚОЖАҚОВ, журналист. Біз сөз еткелі отырған Александр Воронов Айыртау ауданындағы Лобаново ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1977 жылы қарапайым тракторшы болып бастап, 1989 жылдан “Лобаново” кеңшарында трактор-егіс бригадасын басқарды. Экономиканың тоқыраған кезінде Шалқар ауылында “Юлия” шаруа қожалығын құрып, егіншілікпен айналыса бастады.   Агроқұрылымның жалпы егістік алқабы 3321 гектарды құрайды, оның 2041 гектарына биыл дәнді …

ЕҢБЕГІ – ЕРЕН, ҚИМЫЛЫ – БЕРЕН Read More »

ЕТІ — ТАҒАМ, МАЙЫ — ЕМ, МАМЫҒЫ — ЖАСТЫҚ қаздан пайда табуға бел буған кәсіпкер

Қаздың еті – жеңіл қорытылатын дәмді тағам, майы – емге дәру, мамығы – жастық, қанаты – сыпырғыш. Ең бастысы – қаз етін нарыққа шығарған кезде ол басқа үй құстарымен салыстырғанда қымбатқа сатылады. Ал қаз өсіріп, табыс табуға ниеттенетіндердің қатары қалың болғанымен, бұл іс екінің бірінің қолынан келе бермейді. Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. “Чистое” аталатын көлдің …

ЕТІ — ТАҒАМ, МАЙЫ — ЕМ, МАМЫҒЫ — ЖАСТЫҚ қаздан пайда табуға бел буған кәсіпкер Read More »

АҚЫН АТЫНДАҒЫ АУДАН АЛДА КЕЛЕДІ, жеткен жетістіктерін төл мерекеге арнайды

Аудан еңбеккерлері Елбасының “Қазақстан – 2050” Стратегиясында айтылған: “Жер өңдеу мәдениетін өзгерту және жаңа ғылыми, технологиялық, басқарушылық жетістіктерді ескере отырып, мал шаруашылығындағы дәстүрлерімізді жаңғыртуымыз қажет”, – деген қағидасын басшылыққа ала жұмыс істеуде. Биылғы жыл ауыл шаруашылығы құрылымдары үшін қолайсыз болса да, “бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара” ұйымшылдықпен қимылдаудың арқасында біршама жетістіктерге қол жеткіздік. …

АҚЫН АТЫНДАҒЫ АУДАН АЛДА КЕЛЕДІ, жеткен жетістіктерін төл мерекеге арнайды Read More »

ЕСІМІЗГЕ АЛҒАН АБЗАЛ

Әлем жолдарында күн сайын 3400 адам мерт болады. Олар осындай жағдайға жаяу немесе велосипедпен я болмаса автокөлікпен келе жатып душар болады. Біздің елімізде жыл сайын 3000 адам жол апаты салдарынан көз жұмып, 17 мың адам түрлі дене жарақаттарын алады. Облысымызда үстіміздегі жылдың 10 айы ішінде 304 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Қайғылы қазаға ұшырағандар саны – 42, …

ЕСІМІЗГЕ АЛҒАН АБЗАЛ Read More »

МӘСЕЛЕ МЫЛТЫҚПЕН ШЕШІЛМЕЙДІ

Көкшетау қаласының мылтық ұстаған 58 жастағы тұрғыны бұрынғы зайыбы тұрып жатқан үйге баса-көктеп кірмек болған жерінде құрықталды. Оқиға Айыртау ауданында орын алған. АІІБ-ге Саумалкөл ауылының тұрғыны хабарласып, отағасының бұрынғы жұбайының үйіне басакөктеп кірмекші болғанын хабарлаған. Әрі үй тұрғындарын күтпеген қонақтың қолындағы қаруы үрейлендірген.

ҚАНЫПЕЗЕР ҚАМАУДА ОТЫР

Ерлан МАХМЕТОВ, СҚО ІІД баспасөз қызметінің қызметкері. Қалада тағы бір ауыр қылмыс жасалды. Оқиға былай болған: Крепостная көшесіндегі үйлердің бірінен зейнеткер жастағы әйелдің өлі денесі табылады. Қылмыс жасалған жерге жедел тергеу тобы жеткенде үйдің ішінің астан-кестені шығарыла шашылып жатқанын, кісі өлтірушінің әлдене іздегенін анықтайды. Полиция қызметкерлерінің жүргізген іздестіру шаралары барысында кісі өлтіруге қатысы болуы мүмкін …

ҚАНЫПЕЗЕР ҚАМАУДА ОТЫР Read More »

БАЛУАНДАР ҚОРЖЫНЫ 4 МЕДАЛЬМЕН ТОЛЫҚТЫ

Түркістанда жасөспірімдер арасындағы еркін күрестен Қазақстан чемпионаты өтті. Республикалық біріншілікте Қазақстанның барлық облыстарынан келген 1998-1999 жылдары туған бозбалалар бақ сынады. Біріншілікте өңір намысын қорғаған 4 балуан жүлделі оралды. Жарыс қорытындысы бойынша 53 және 59 кило салмақта Досым Ержан мен Нұрқожа Тайпанов үздік атанып, алтын медальға қол жеткізсе, 73 кило салмақта Ересен Қайыргелдин екінші болды. Ал …

БАЛУАНДАР ҚОРЖЫНЫ 4 МЕДАЛЬМЕН ТОЛЫҚТЫ Read More »