«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АПТАЛЫҚ ӨТЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

18-22 қараша аралығында өңірімізде “Қазақстандағы туризм апталығы” өтеді. Апталық облыс оқушыларының арасындағы “Менің Отаным – Қазақстан” тақырыбындағы шығармалар конкурсымен ашылады. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде республиканың курорттары туралы лекциялар, туристік фирмалар өкілдерінің, оқытушылардың, студенттердің және Солтүстік Қазақстан облыстық Кәсіпкерлік және туризм басқармасының мамандарының қатысуымен “дөңгелек үстел” өткізу жоспарланған. Туристік мамандық бойынша білім алып жүрген студенттер болашақ мектеп түлектеріне арнап осы мамандықпен таныстыру экскурсиясын жасайды. Бүкіл облыс аумағында жан-жақты қамтылған туризм бойынша жарыстар, суреттер мен фотосуреттер конкурстары өткізіледі.

Өңір тұрғындары мен қонақтары бүкіл апта бойы Солтүстік Қазақстан облысының көркем және сәулетті жерлерімен таныса, болашақ демалыстарын соған ыңғайлай алады, жаңа туристік бағыттар мен жолдарды таңдайды. Облыстық мұражайлар туған өлке туралы көрмелер мен жәдігерлерді тамашалауға шақырады. Бүгін-ақ www.mypiter.kz. сайтында “Менің қалам” және visitkazakhstan.kz республикалық сайтында виртуалды экскурсия жасауға болады.

Аталған шара үстіміздегі жылғы 9 желтоқсанға жоспарланған Индустрияландыру күніне арналып отыр. Туризм апталығының бастамашысы – Қазақстан Республикасы Индустрияландыру және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті. Шара облыстық Білім, Ішкі саясат, Мәдениет басқармаларымен бірлесіп өткізіледі.

(Ресми ақпарат).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp