«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАНЫПЕЗЕР ҚАМАУДА ОТЫР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ерлан МАХМЕТОВ,

СҚО ІІД баспасөз қызметінің қызметкері.

Қалада тағы бір ауыр қылмыс жасалды. Оқиға былай болған: Крепостная көшесіндегі үйлердің бірінен зейнеткер жастағы әйелдің өлі денесі табылады. Қылмыс жасалған жерге жедел тергеу тобы жеткенде үйдің ішінің астан-кестені шығарыла шашылып жатқанын, кісі өлтірушінің әлдене іздегенін анықтайды.

Полиция қызметкерлерінің жүргізген іздестіру шаралары барысында кісі өлтіруге қатысы болуы мүмкін деген күдікпен ешқайда жерде жұмыс істемейтін 36 жастағы қала тұрғыны ұсталады. Тергеу кезінде бұған дейін істі болған сезікті осынау ауыр қылмысты өзі жасағанын мойындайды.

Сол күні ол анасының үйіне бармақ болып жиналып жатқанда өзіне таныс осы зейнеткер әйел келеді. Ол одан пластикалық терезесін жөндеп беруін сұрайды. Оны орындағаннан кейін әлгі әйелден қарызға 7 мың теңге бере тұруын өтінеді. Бірақ үй иесі оған бұдан бұрын қарыз алғанын айтып, ақша беруден бас тартады. Қылмыскердің айтуы бойынша, жәбірленуші онымен дөрекі сөйлескен,  айғай-шу шығарып, тіпті, қол жұмсаған көрінеді. Сол сәт ашу қысқан ол әйелді жерге жығып, үтіктің сымымен буындырып өлтірген. Одан кейін үйдің ішін тіміскілей жүріп, орамалдың бір шетіне оралған 180 мың теңгені тауып алып, тайып тұрған.

Бүгінгі күні қылмыскер қамауда отыр.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp