АҚЖАРЛЫҚ БОЗБАЛАЛАР зілтемірді ұршықша үйіреді

7-10 қараша күндерінің аралығында Тайынша қаласында өңіріміздегі балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінің оқушылары ауыр атлетикадан күш сынасты. Жеті команданың құрамында алпыс алты адам болды. Жарыста 1997-1998 жылдары туған жасөспірімдер шеберлік салыстырды. Командалық есепте бас жүлдені ақжар-лық бозбалалар жеңіп алды. М. Жұмабаев ауданының ауыр атлетшілері екінші нәтиже көрсетсе, жамбылдықтарға үшінші орын тиді.