«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛТЫН ЖАЛАТЫЛҒАН ЗЛАТОУСТ БҰЙЫМДАРЫ қызылжарлықтарды қызықтырды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Ресейдің Златоуст қару-жарақ фабрикасы бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі болып өтті.

Гүлбике КУБЕНОВА,
“Солтүстік Қазақстан”.

Көрмеге келгендер қарудың 70-тен астам түрін тамашалады. Бір ерекшелігі – олардың барлығы алтын жалатылған. Мұнда Златоуст қаласының көне қарулары: қылыштар, кездіктер мен пышақтардың түр-түрін кездестіруге болады. Көз тартар кәдесыйлар мен безендірілген ыдыс-аяқтар қыз-келіншектердің ықыласын тудырды. Жақындарыңызға түрлі суретпен алтын жалатылып безендірілген тәрелкелер мен шарап және кофе жиынтықтарын сыйға тартсаңыз, мұндай тартудың ең бағалы болатынына еш күмән жоқ. Құран жазбалары мен ислам әлемінен сыр шертетін суреттер бейнеленген ыдыстар да кез келген үйдің сәніне айналары сөзсіз.

Көрмеге келгендер Орал шеберрлерінің құрыштан жасаған кескіндемелеріне де тәнті болып қарады. Өнердің бұл түрімен Златоуст қару-жарақ фабрикасының суретшілері ғана айналысады. Алтын және қара көгілдір түске боялған заттар әр бұйымға ерекше сән беріп-ақ тұр.  

Атап өтерлігі, бұл фабрика шеберлерінің көптеген бұйымдары бірегей туындылар болып танылған және олардың көбі ең атақты мұражайлардың жинағына енгізілген.

Көрмедегі барлық еңбектер сатылымға қойылған.

Суреттерді түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp