«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БИЛАЙН ІІІ ТОҚСАНДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2013 жылғы III тоқсанның қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан компаниясының клиенттерінің саны 9 млн.-нан асты, клиенттер төмен бағамен көптеген қызметтерге ие болды.

2013 жылғы ІІІ тоқсанда Beeline Қазақстан кәсіпкерліктің барлық негізгі бағыттары бойынша оң нәтиже көрсетті. Жалпы табыс өткен жылмен салыстырғанда 4,4% артты. Абоненттер саны жылдан жылға 5,2% өсіп, 9,040 млн.-ға жетті, дыбыстық қызметті пайдалану 40% жоғарылап, мобильді Интернетті пайдалану 102% артты, минуттардың орташа бағасы 2012 жылғы ІІІ тоқсанмен салыстырғанда үштен бір бөлікке төмендеді. Жаңа ұсыныстардың шығуына байланысты қоңырау соғу құны айтарлықтай төмендеді, бұл өз кезегінде дыбыстық қызметтерді пайдалану нәтижесінің өсуіне себеп болды. Осыған байланысты абоненттің орташа шоты (ARPU) 3,9% арзандады, ал бір клиенттің сөйлескен минуттарының орташа көлемі (MOU) 2012 жылғы ІІІ тоқсандағы 222 минутқа қарағанда 40% жоғарылап, 311 минутты құрады. “Beeline” клиенттері үшін жағымды жаңалық – минуттардың орташа бағасының төмендеуі. Ол 2012 жылғы баламалы кезеңмен салыстырғанда 34,3% төмендеп, 4,4 теңгені құрады.

Beeline Қазақстан компаниясының жалпы табысы 34 млрд. теңгені құрады, бұл көрсеткіш өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 4,4% жоғары.  

Қыркүйек айында Beeline Қазақстан тариф жоспарларының қатарын толықтай жаңартты. Жаңа концепция “топтамалық қағидаға” негізделген. Мұнда клиенттер өздеріне қажетті топтаманы таңдай отырып, тек осы топтаманы қолданғаны үшін төлем жасайды. “FreeStyle lite”, “Сәттi-300”, “Сәттi-600”, “Сәттi-1200” теңестірілген ұсыныстарын, сондай-ақ “Beeline VIP Gold” және “Beeline VIP Platinum” тариф жоспарларын барлық сауда нүктелерінен алуға болады.

Мобильді Интернет тарифтері де жаңарды. “Start”, “Light” және “PRO” тәрізді жаңа лимитсіз тарифтерге клиенттер оң баға беріп, қабылдады. Компания “Яндекс” және “Mail.Ru” (“Одноклассники”) тәрізді ірі Интернет топтарымен бірлескен бірқатар бастамаларды іске қосты. Топтық клиенттер “Тариф құрастырушысы” – жаңа өнімін алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл ұсыныс ұялы байланыс пен Интернет шығындарын толық бақылауға және әрбір қызметкерге дербес қызметтер топтамасын таңдауға мүмкіндік беретіндіктен, шағын және орта бизнес өкілдеріне өте ыңғайлы болды. Еңбек демалыстарының ең қызған шағында компания өз клиенттеріне “Дүниежүзілік роуминг” қызметінің аясында, әлемнің 175 елінде роумингтегі кіріс және шығыс қоңыраулардың бағасын абоненттік төлемсіз, 69 теңгеден 49 теңгеге төмендету арқылы тамаша тарту жасады.

(Өз тілішімізден).

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp