«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕРМЕК СЕРКЕБАЕВТЫҢ ҚАЙТЫС БОЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ көңіл айту жеделхатын жолдады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев КСРО-ның және Қазақ КСР-інің Халық әртісі Ермек Серкебаевтың қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасысы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Жеделхатта өзінің дара дауысы арқылы жастай танылған Ермек Серкебаевтың өмір бойы еліміздің басты өнер ордасы – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрында жемісті еңбек еткені атап өтілген.

“Дауысы қандай әсем болса, жаны да сондай сұлу, оның орындауындағы қазақтың халық әндері мен әлемдік опера туындыларындағы басты ариялар тыңдаушылардың жанын әрдайым нұрға бөлейтін”, – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы Ермек Серкебаевтың әлемнің көптеген елдері сахналарында өнер көрсету бақытына ие болып, халықаралық аудитория ықыласына бөленгенін атап өткен. Ол консерваторияда ұстаздық ете жүріп, кеңінен танымал болған көптеген шәкірттер де тәрбиеледі. КСРО Жоғарғы Кеңесінің, сондай-ақ Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Социалистік Еңбек Ері атағына ие болып, “Отан” орденімен марапатталды.

Қазақстан Президенті Ермек Серкебаевтың еңбегі еліміздің ән өнері тарихында, ал есімі халқымыздың жүрегінде әрдайым сақталатынына сенім білдірген.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp