«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАҢДАУЛЫ СЫЛАҚШЫ АНЫҚТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында облысымызда жоспарлы түрде іс-шаралар өткізілуде. ЕС-164/6 мекемесінде “Ең үздік сылақшы” кәсіби шеберлік байқауы ұйымдастырылды. Сайыстың басында жиналған қауымға Елбасының өмірі мен қызметі жайында түсірілген “Тұңғыш Президент” бейнебаяны көрсетілді. 

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Сайыс облыстық Білім беру басқармасының мұрындық болуымен өтті. Оған Петропавл қаласындағы құрылыс және кәсіптік колледждер студенттері қатысты. Іс-шараның мақсаты – аталмыш мамандықтың қажеттілігін көрсетіп, студенттер білімін таразылау. Білім мен біліктіліктерін ұштастырған алты үміткер бұл күні өздеріне жүктелген тапсырманы абыроймен орындап, жоғары баға алуға тырысып бақты. Атап өту керек, Петропавл қалалық құрылыс колледжінде бүгінгі таңда сегіз мамандық бойынша 380 студент білім алуда. Ал кәсіптік колледжде екі мамандық бойынша 50 адам білімдерін шыңдауда. Соңғысында ЕС-164/6 мекемесінде жазаларын өтеп жатқан қыз-келіншектер оқиды. Олардың жиырма бесі – тігінші, ал қалғаны сылақшы мамандығын алуды мақсат еткендер.

Студенттер бірінші кезеңде өздерін таныстырып өтсе, екінші айналымда арнайы пән бойынша білімдерін көрсету мақсатында тест сұрақтарына жауап берді. Теориялық тапсырманың қорытындысы шығарылған соң, практикалық кезеңнен бақ сынады. Бұл жолы сайыскерлер арнайы ережелерді сақтай отыра, жұмыс істеу барысын іс жүзінде көрсете білді. Дәл осы кезде студенттердің бірінші кәсіптік шеберліктерін көруге мүмкіндік туды. Олардың барлығы дерлік сайысқа жақсы дайындықпен келгендері жұмыстарынан байқалып тұрды. Қазылар алқасының шешімі бойынша, бұл сайыста кәсіптік колледжде білім алып жүрген Жанар Нашкенова топ жарып, бірінші орыннан көрінді. Екінші және үшінші орын да осы аталмыш колледжде оқитын Ирина Логинова мен Оксана Бессонованың еншісіне бұйырды.  

Байқау соңында қатысушыларға Грамота және Алғыс хат табыс етіліп, кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Суретті түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp