Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
Облыстық ауа райын болжау орталығының дерегі бойынша 18-20 қараша аралығында облыста батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің күші секундына 15-20, кей жерлерде 25 метрге дейін жетіп, кей жерлерде бұрқасын, көк-тайғақ болады, ауаның температурасы түнде 12-17 градус суықтыққа дейін төмендейді.
Соған орай облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент тұрғындардың өмір сүру нормасын қамтамасыз ету және ТЖ-нің алдын алу үшін қажетті шараларды қолдануды ұсынады.