«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

75 ЖАС ОТАУ биыл пәтерге ие болады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Өткен аптаның соңғы жұмыс күні “Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ-ның облыстық филиалының директоры Балахмет Молдинов БАҚ қызметкерлерімен кездесіп, шағын сұхбат берді.  

– “Қолжетімді тұрғын үй – 2020” бағдарламасы екі бағытпен дамытылып келеді. Бірі – жалпы жұртқа, екіншісі – жас отауларға арналған. Бірінші бағыт бойынша былтыр екі үй тапсырылса, биылғы жылдың соңына дейін 90 және 55 пәтерлік екі үй қолданысқа берілмек. Сондай-ақ биыл тапсыруға жоспарланған 45 пәтерлік үй келер жылдың жазына қалдырылып отыр. Ал жас отауларға арналған 75 пәтерлік үй бір-екі айдың ішінде тапсырылады деп күтілуде. Оған кіретін тұрғындардың тізімін қала әкімдігі сараптап, әрқайсысының жинаған балдары бойынша есептеп, кімнің кезегі келгендігін шығарады да, бізге тапсырады, – деді Балахмет Рахметұлы.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш бағдарламаның жас отауларға арналған бағытына 29 жасқа дейінгі, үйленгендеріне екі жыл болған ерлі-зайыптылар қатыса алады. Жастардың отау көтергендеріне 1 жыл болса – 5 балл, екі жылға – 10 балл, бір баласы барларға – 20 балл, екі балаға 30 балл беріліп, кезегінің реттік нөмірі анықталады. Олардың айлық табыстары есептеле отырып, кейін салымшылар 8 жыл мерзімінде тұрып жатқан коммуналдық тұрғын үйінің жарты сомасын жинауға қауқарлы болулары тиіс. Қаржыны тездетіп жинай алғандар 3,5 жылдан кейін ол үйді толығымен өз аттарына ауыстыра алады. Бұл жерде ерлі-зайыптылардың атында басқа үй болмауы шарт. Ең бастысы, олар осы белгіленген жылдарда банкке жасайтын төлемдеріне жауапкершілікпен қарағандары игі. Әйтпейінше, жинақ банкіне құятын қаржыны үш ай кешіктірген жас отау коммуналдық баспанадан айрылады. Биыл бағдарламаға енгізілген толықтыру бойынша бұл бағытқа 29 жасқа толмаған балалы жалғызбасты әйелдер мен ажырасқандар қатыса алады.  

“Қолжетімді тұрғын үй – 2020” бағдарламасы бойынша өңірімізде баспаналы болушылар қатары жылдан-жылға артып келеді. Мәселен, 2012 жылы 1055 отбасы тұрғын үйге қол жеткізсе, 2013 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында 594 отбасыға пәтер кілті табыс етілді. Жыл соңына дейін ол көрсеткіш 1252-ге жеткізілмек.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp