«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АКЦИЯ НӘТИЖЕСІНДЕ 1 554 888 теңге өндіріліп алынды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сот орындаушылары жуырда “Коммуналдық берешексіз өмір сүр!” атты акция өткізді.

Акция барысында сот орындаушылары коммуналдық берешегі бар борышкерлердің мекенжаларына рейд жасады, олардың мүліктік жағдайын анықтау бойынша шаралар қолданды, аталған шаралар нәтижесі бойынша борышкерлердің мүлкіне тыйым салу туралы 281 қаулы шығарылды.

Борышкерлердің жұмыс орнын анықтау жөнінде қолданылған шаралар нәтижесінде олардың еңбекақысынан 437 896 теңге өндіріп алу үшін 53 атқарушылық құжат ұйымдардың бухгалтериясына жіберілді.

Акция барысында коммуналдық қызметтер пайдасына 1 782 571 теңге өндіріп алу туралы 122 атқарушылық құжат аяқталды. Олардың ішінде нақты 1 554 888 теңге сомаға 113 атқарушылық құжат орындалды.

Акция аяқталды, алайда рейдтік шаралар жүйелі түрде жүргізілуде.

Солтүстік Қазақстан облысы

Сот актілерін орындау департаментінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp