«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“АЛТЫН ДОП” ТУРНИРІНДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
Щучье қаласында баскетболдан “Алтын доп” республикалық турнирі өз мәресіне жетті. 1996-1997 жылдары туған спортшылар сайысқан додада өңір намысын “Жеңіс” спорт мектебінің және гуманитарлық-техникалық колледждің студенттерінен жасақталған құрама қорғады.
Бәсекелі сайыста қарсыластарынан басым түскен солтүстікқазақстандықтар бірінші орыннан көрінді. Команданы дайындаған Владислав Грибанов пен Александр Козыркин жеңіске жету жолында Александр Корнеевтің (№7 ОМ), Даниил Сергеевтің (№8 ОМ) және Никита Козыркиннің (СҚ КПК) сүбелі үлестерін қосқанын атап айтты.
Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp