2013 жылдың 9 айында барлық ағымдар бойынша жағымсыз көші-қон айырымы кеміп, 3522 адамды құрады және 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,7% кеміді.
Облыста ішкі және сыртқы көші-қон айырымы әлі де теріс мәнді. Облыстың Қызылжар ауданы және Петропавл қаласынан басқа, барлық өңірлерінде көшіп келушілер санынан кетушілер саны басым.
ТМД елдерінің ішінде барынша қарқынды көші-қон алмасуы Ресей Федерациясымен (барлық кеткендердің 91,6%) болуда, тек 8,4% ТМД-ның басқа елдерімен. Ресейдің үлесіне иммигранттардың 69,7%-ы келеді. Барлық көшіп келгендердің ішінде барынша жоғары үлес салмақты Тәжікстан және Өзбекстаннан келгендер құрайды – 10% және 7,1% сәйкесінше.
Әлемнің басқа елдерімен көші-қон айырымы негізінен Германия есебінен жағымсыз болып қалыптасты, кеткендердің 67,4-ы%.
Жағымсыз айырымға қарамастан, Қазақстанның басқа өңірлеріне көші-қон кеміді. 2013 жылғы қаңтар-қыркүйекте 3878 адам қоныс аударған, ол 2012 жылғы қаңтар-қыркүйектегіден 13,3% кем. Негізгі қоныс аудару өңірлері – Ақмола облысына келеді (1757 адам немесе 45,3%) және Астана қаласына (884 адам немесе 23%). Сондай-ақ облысқа көшіп келушілер де Ақмола облысынан (580 адам немесе 30,5%) және Астана қаласынан (340 немесе 17,9%).
Облыс ішіндегі көші-қон үрдісінде Ғ.Мүсірепов атындағы, Қызылжар аудандары мен Петропавл қаласында көші-қон айырымы жағымды болып қалыптасты.
Облыстық Статистика департаменті.