«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕР-ЖАҺАННЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ “Астана” клубын таңдады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кәсіпқой бокста әлемнің сегіз дүркін чемпионы атағын иеленген отандасымыз Геннадий Головкиннің 11 қарашада Астанаға келгенін хабарлаған едік. Ол бұл сапарында қандай мақсат көздегенін тарқатып айтайық.

2013 жылдың басында елордамызда “Астана” Президенттік кәсіби спорт клубы құрылғанды. Аталған клуб “Астана” велоспорт ұйымын, “Барыс” хоккей командасын, ТМД елдерінің чемпионатына қатысатын елордалық баскетбол клубын және кәсіпқой боксшыларды қаржыландыру мақсатын көздейді.

Бүгінде АҚШ-тың Калифорния штатындағы Биг Бере қаласында тұратын Г.Головкин елордаға осы акционерлік қоғамның басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің шақыруымен келіп, “Астана” Президенттік кәсіпқой спорт клубымен шартқа отырды. Келісім бойынша бұдан былай Г. Головкин кәсіпқой рингтегі барлық жекпе-жектеріне “Астана” клубының мүшесі ретінде шығады. Оның оқу-жаттығу жиындарына, жекпе-жектеріне, ол туралы басылымдарда жарияланатын жарнамаларға, алдын ала хабарлауларға жұмсалатын қаржылай шығындарды “Астана” клубының демеушісі болып табылатын “Самырұқ-Қазына” АҚ көтеріп алады.

Президенттік клубтың бокс бойынша кеңесшісі Майкл Пейн Г. Головкиннің оған мүшелігіне өте риза екенін жеңімпаздың “Астанаға” алынуына байланысты елордада өткізілген баспасөз мәслихатында тілшілерге жеткізді. АҚШ-та боксшыны баптайтын жаттықтырушысы Абель Санчес те Г. Головкиннің бұл шешімін құптаған.

31 жастағы отандасымыз кәсіпқой рингке ауысқанға дейін әуесқойлар арасында 345 мәрте жекпе-жектер өткізіп, солардың бесеуінде ғана ұпай санымен ұтылған. Рингте бірде-бір рет нокдаунға түспеген. Ал кәсіпқой бокста жеңілісі жоқ. Жиырма сегіз жекпе-жектің үшеуінде қарсыластарын ұпай санымен ұтса, қалғандарында мерзімінен бұрын жеңіске жеткен.

– Осының өзі Головкиннің әлемдегі ең мықты боксшы екенін айғақтап, онымен тәжге таласқылары келетіндердің мысын басып тұр, – дейді отандасымыздың бапкерлері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp