«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨҢІЛ АЙТУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мен Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановқа Қазанда болған әуе апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырау салдарынан адамдардың қаза тапқаны туралы хабарды қайғыра қабылдағанын атап өткен.

– Бұл қайғылы оқиға мені қатты күйзелтті, Ресей Федерациясы халқымен бірге ауыр қазаны шын ниетіммен бөлісемін, – делінген жеделхатта.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановқа әуе апатынан ұлы Ирек Миннихановтың қайтыс болуына байланысты арнайы көңіл айту жеделхатын жолдады.

Жеделхаттарда Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы атынан және жеке өз атынан шын ниетпен көңіл айтып, қаза тапқандардың отбасыларына, туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтастығын білдірді.

“ҚазАқпарат”.
 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp