«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫҢ БЕТ-БЕЙНЕСІ болып отырған қазақ күресі әлемге әйгілі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Жуырда Астанада Қазақ күресі республикалық федерациясы конференция өткізді. Оның жұмысына қатысу үшін біздің облыстан өңірлік күрес федерациясының президенті Бауыржан Құлжанов, “Күрес” және ұлттық спорт мектептерінің директорлары Ғалым Өркешов пен Руслан Арықов сапарға шыққанды.

Мен Ғ. Өркешовпен хабарласып, конференцияның жұмысы, онда талқыланған мәселелер жайында білген едім.

Ғ. Өркешовтің айтуынша, конференцияның алғашқы күні ұйымдық мәселеге арналыпты. Атап айтқанда, 12 қарашада 2000 жылдан бері қазақ күресінің дамуына өлшеусіз еңбек сіңіріп келген, оны халықаралық аренаға танымал еткен, өзге елдерде де біздегідей федерациялардың ашылуына мұрындық болған Серік Төкиев бұрынғысынша Қазақ күресінің әлемдік қауымдастығының төрағасы қызметін атқаратын болды. Ол мұның алдында осымен қат-қабат басқарып келген республикалық федерация президенті қызметінен босатылды.  

– Ұлттық күрес федерациясының президенті қызметін Серік Төкиев қатар атқармайтындықтан, делегаттар бірауыздан Арман Шораевты лайық көріп, дауыс берді. Оның “Қазақстан барысын” ұйымдастырғаны, еліміздің, тіпті, Азия және әлем елдерінің құптауына сіңірген еңбегі осыған лайық, – деді Ғ. Өркешов. – Арман Төлегенұлы өзіне сенім көрсеткен мамандарға, конференция делегаттарына алғысын арнай келіп, “Елімізде қазақ күресін №1 спорт түріне айналдырамыз. Сол үшін жұмыс істейміз”, деп түйіндеді.

Ал 13 қарашада өткізілген ғылыми-практикалық конференцияда республикамыздың мектептерінен бастап, “Жас Барыс” жарысын ұйымдастыру, алдағы жылдары қазақ күресінің өрісін халықаралық аренада бүгінгіден де кеңейте түсу, Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізуге жетісу міндеті қойылды. Осымен байланысты елімізде қазақ күресінен халықаралық жарыстарды жиі өткізу қажеттігі айтылды. 2013 жылғы 7 желтоқсан күні Тараз қаласында Еуразияның сегіз мемлекетінен балуандарды қатыстыра отырып өтетін үлкен халықаралық жарыс – осы шараның бірі .

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp