Осыдан қырық екі жыл бұрын есімі облысымызға да, республикамызға да қанық жаттықтырушы Виктор Виктің бастамасымен грек-рим күресі бойынша балалар мен жасөспірімдердің облыстық спорт мектебі шаңырақ көтерген еді.
Биылғы 17 қарашада облыс орталығындағы “Күрес” мектебінде осы мерейлі күнге арналған белдесулер өтіп, Есіл, Мамлют, Қызылжар аудандарының, “Күрес” және “Жеңіс” спорт мектептерінің жас балуандары боз кілемге шықты.
Салмақ дәрежелеріне қарай мыналар жеңіске қол жеткізді:
21 кг. Мирас Мұхаметқалиев (Мамлютка қаласы).
24 кг. Хамид Нәбиев (“Күрес” мектебі).
27 кг. Қайрат Сабыржан (“Күрес” мектебі).
30 кг. Андрей Пилипенко (“Жеңіс” мектебі).
33 кг. Давид Звягинцев (Новомихайловка ауылы, Мамлют ауданы).
36 кг. Дияс Балапан (Явленка ауылы).
39 кг. Есім Бақытов (“Күрес” мектебі).
42 кг. Наурызбай Келімжанов (Бескөл ауылы).
47 кг. Ғизат Дүйсенов (“Жеңіс” мектебі).
53 кг. Денис Пилипенко ( “Жеңіс” мектебі).
60 кг. Ян Масленников (“Күрес” мектебі).
“Күрес” Балалар мен жасөспірімдердің облыстық мектебі.