«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БОСТАНДЫҚТЫҢ ҚАДІРІН БІЛМЕЙ…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ақмарал ОРАЗАЙҚЫЗЫ,

аумақтық Қылмыстық-атқару инспекциясы бастығының орынбасары, әділет майоры.

2013 жылдың қараша айының 11-і мен 17-сі аралығында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аумақтық Қылмыстық-атқару инспекциясы мен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі істер департаментінің Әкімшілік полициясы бірлесе отырып, “Отсрочник” республикалық жедел іс-шарасын өткізді.

Қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза бойынша сотталғандар тарапынан қайта қылмыс болдырмау, әкімшілік құқықбұзушылықтың алдын алу, жазасын өтеуден бас тартқан тұлғаларды іздеу аталған шараның мақсаты болып табылады. Жазасын өтеу кезінде қайта қылмыс жасауға бейім, ішімдіктен зардап шегетін, бірнеше рет сотталған тұлғаларға баса көңіл бөлінуде.

Петропавл қалалық Қылмыстық-атқару инспекциясының тіркеуінде 289 сотталған тұр.

“Отсрочник” жедел-алдын алу шарасын өткізген аралықта қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды өтеудің тәртібін 14 рет бұзу анықталды. Осыған байланысты Петропавл қалалық сотына жазасын өтеуден бас тартқан тұлғаларды бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы 9 материал және сынақ мерзімін ұзартып, пробациялық бақылау орнату туралы 1 материал жолданды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp