«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕКІ ОҚУШЫНЫҢ ЕРЛІГІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық Ішкі істер департаментінде қылмыскерді ұстауға көмектескен оқушылар марапатталды. Тәртіп сақшыларының батыл көмекшілері ІІД бастығы Ақан Қажкеновтен алғыс алып, жаңа планшеттерге ие болды.

Петропавл базарларының бірінде сауда нүктесінен ноутбук ұрлаған қаскөйдің соңына түскен мектеп оқушылары қылмыстың тез арада ашылуына жәрдемдескен болатын. Оқиға былай болған:

№5 және №17 мектептің оқушылары Никита Воронцов пен Максим Ермаков облыс орталығындағы “Северный” базарында қыдырып жүріп, сатушының айқайын естиді. Сауда нүктесінен шығып, жүгіре жөнелген ер адамды көрген балалар оны соңынан қуа жөнеледі. Ұрлық жасаған қала тұрғынының бұдан кейінгі іс-әрекетін соңына дейін қадағалаған мектеп оқушылары оқиға орнына тәртіп сақшыларын шақырады. Осылайша жас сақшылардың көмегінің арқасында қылмыскер қолға түсіп, ноутбук иесіне қайтарылды. Ақан Қажкенов қылмыстың ізі суымай ашылуына көмегі тиген жасөспірімдердің ерлікке пара-пар әрекеті өзгелерге үлгі екенін атап өтіп, Никита мен Максимге планшеттер табыстады және олардың ата-аналарына Алғыс хат жолдады.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp