«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КЕДЕРГІСІЗ ҚОЛ ҚОЯМЫН ДЕП… ҚОЛҒА ТҮСТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Үстіміздегі жылғы 13 қарашада жедел-алдын алу шарасы кезінде жеке кәсіпкерден 21 мың теңге пара алды деген күдікпен Шал ақын ауданы бойынша Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Сайлау Ғабдуллин тұтқындалды.

Подполковник жеке кәсіпкердің дүкені мен дәмханасында өртке қарсы дабыл жүйесін пайдалануға беру актісіне кедергісіз қол қою үшін өзінің жұмыс орнында ақша алған. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабы, 2-тармағы (пара алу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 16 қарашада бөлім бастығы сот санкциясы бойынша қамауға алынды.
Жыл басынан бері осындай 6 қылмыстық іс тіркелді.

СҚО бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі.  
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp