«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КҮНКӨРІСТІҢ ЕҢ ТӨМЕНГІ ДЕҢГЕЙІНІҢ ШАМАСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазанда біздің облыста күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы орташа бір адамға шаққанда 17 533 теңгені құрады. Оның құрылымында азық-түліктің құны 10 520 теңге болса, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасы 7 013 теңге болды.

Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы, тұрғындардың әлеуметтік-демографиялық топтары бойынша есептегенде төмендегідей болды: 0-13 жасқа дейінгі балалар үшін – 15 242 теңге, жасөспірімдер үшін – 14-17 жасқа дейінгі (ер балалар) – 21 855 теңге және (қыздар) – 16 742 теңге, 18 жастан асқан еңбекке қабілетті жастағы тұрғындар үшін – ер адамдар – 20 666 теңге және әйелдер – 16 395 теңге, зейнеткерлер мен қарт адамдар үшін – 16 225 теңге.

Аудан орталықтары бойынша күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы – 17 688 теңге, Петропавл қаласы бойынша 17 245 теңге болды.

Облыстық Статистика департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp