«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СУДЬЯЛАР СЪЕЗІНЕ ҚАТЫСТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
Қазақстанның сот жүйесі дамыған 30 елдің сот жүйесінің қатарынан көрінуі шарт. Астанада өткен Қазақстан судьяларының VI съезі барысында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп мәлім етті.

Бұл ретте Мемлекет басшысы 4 жыл бұрын өткен судьялардың бесінші съезінен бері қазақстандық сот жүйесі өзінің көрсеткіштерін 23 позицияға жақсартқанын атап өтті. “Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде көрсетілгеніндей, тәуелсіз соттар критерийінде біршама жоғарылаушылық бар. Дегенмен, біз әлі де 80-інші орында тұрмыз. Озық отыздықтың арасында болу үшін әлі де 60 позицияға көтерілуге тиіспіз. Сондықтан да, құқықтық жүйедегі жұмысты жандандырып, ол жүйенің өзегі – сот төрелігі жұмысын әлі де жетілдіре түсуге тиіспіз”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Судьяларға артылып отырған жүктемені төмендету қажеттігіне тоқталған Елбасы: “Соттарда соңғы 4 жылдың ішінде орташа алғанда айына бір судьяға 38-ден 56-ға дейін іс келіп түседі. Кейбір өңірлерде бұл көрсеткіш бұдан да жоғары. 2014 жылдың бюджетінде судьялардың санын 450 бірлікке, яғни 25 пайызға арттыруға тапсырма берілді”, – деді.

“Қазақстандық сот әділдігі жүйесі әлі де болса сот қателіктерімен, заңдылықтың, сот әдебінің бұзылуымен бетпе-бет келуде. Мұндай келеңсіздіктер барша сот жүйесіне теріс баға беруге желеу болып отыр. Жекелеген судьялардың өздері бюрократизмге, соттық былыққа жол беріп, дауларды қарауды созып жібереді, кейде қателіктерге де бой алдырады”, – деді Президент.

Соған орай Мемлекет басшысы сот жүйесіндегі кадр саясаты әлі де болса толық жетілмегендігін баса айтты. Жыл сайын Қазақстанда жемқорлық қылмысқа бой алдырған 2-3 судья сотталады. Жалпы, 39 судья тәртіптік жазаға тартылса, оның ішінде 8-і жұмыстан босатылды, деді Елбасы.

“ҚазАқпарат”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp