«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАЙЫНШАЛЫҚТАР ТАТУ-ТӘТТІ ТІРЛІК КЕШУДЕ, дегенмен, ойланарлық жайттар да бар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Серік САЛТЫҚОВ,

Тайынша ауданының әкімі.

Тайынша ауданындағы 60-тан астам ұлт өкілдері аудан орталығында және 18 ауылдық округте бір шаңырақ астында түтін түтетіп, еңбек етуде. Үстіміздегі жылы 17 діни бірлестік әділет органдарында қайта тіркеуден өтіп, жұмыс істеуде. Соның ішінде: 5 – ислам, 3 – православие, 6 – католицизм, 3 – протестантизм.  

Аудан аумағында 28 адам миссионерлік іс-әрекетті жүзеге асырады, оның ішінде 27 діни қызметкер, рим-католик шіркеуінің монахинялары және лютеран шіркеуінің 1 миссионері. Барлық миссионерлер облыстық Дін істері жөніндегі департаментте аккредиттеуден өткен, тиісті құжаттары бар. Миссионерлер тарапынан қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылып, приходтарда өзара көмек көрсету орталықтары жұмыс істейді.

Осы жылдың маусым айында шетел азаматтары атқарып жүрген миссионерлік тіркеу іс-әрекеттерге мониторинг жүргізіліп, аккредиттеуден өту мерзімдерінде заң бұзушылық фактілері анықталған жоқ.  

2013 жылғы 4 наурызда Тайынша аудандық әкімдігі жанында Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес құрылды. Осыған дейін аталмыш кеңестің 3 отырысы болып өтті. Бірінші отырыста кеңестің 2013 жылға арналған жоспары бекітіліп, өткен жылы ауданда қалыптасқан діни жағдай бойынша және тұрғындардың діни сауаттылығын арттырудағы діни қызметкерлердің рөлі жөнінде ақпар тыңдалды. Кеңес отырысына Тайынша қаласындағы діни бірлестіктердің жетекшілері қатысты.

Екінші отырыста діни ахуалдың және діни бірлестіктер мен миссионерлер жұмысына мониторинг жүргізіліп, Чкалов және Келлер ауылдық округтеріндегі діни жағдай талқыланды. Сондай-ақ аудан мектептерінде “Дінтану” курстарының оқытылуы сөз болды. Ал үшінші отырыс барысында Тайынша қаласы мен ауылдық округтердегі діни ахуалға қатысты мәселелер қарастырылды. Сонымен қатар, ішкі істер органдарының діни экстремизмнің алдын алу, сондай-ақ тіркелмеген діни бірлестіктер мен заңсыз миссионерлік іс-әрекеттерді жүзеге асырушы азаматтарды анықтау жөніндегі профилактикалық жұмыстары туралы “дөңгелек үстел” өткізілді. Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес аудандық Ішкі істер бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімімен, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерімен бірлесе жұмыс атқарады.

Діни ахуалды зерделеу және сараптау бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп тұрады. Жыл басынан бері Тайынша қаласы мен ауылдық округтерде аудандағы этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынастарды зерделеу мақсатында әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Берілген жауаптарды сараптай келе, респонденттердің көбі аудандағы этносаралық және конфессияаралық жағдай тұрақты және этносаралық кикілжіңдердің пайда болуына себеп жоқ деген ой-пікірді ұстанатындықтарын байқауға болады.

Тайынша ауданы өзінің ұлтаралық және конфессияаралық құрамымен ерекшеленеді. Мәселен, бүгінде аудан орталығында орналасқан 6 діни бірлестік өзара ынтымақтастықта жұмыс істейді.

Сәуірдің 24-інде Польша Республикасы Сеймінің вице-спикері бастаған парламент делегациясы Тайынша ауданына келіп, поляктардың Қазақстанға жер аударылуының 70 жылдығына арналған ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойды.

11-15 тамыз аралығында Краснополян ауылдық округіне қарасты Озерное ауылында “Царица Мира” рим-католик шіркеуінде Қазақстан мен Ресейдің жас католиктерінің кездесуі болып өтті.

15 тамыз күні ұйымдастырылған іс-шарада Рим папасының Қазақстандағы елшісі Архиепископ Мигель Маури Буэндиа болып, аталмыш жиынға Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің мүшесі, Ішкі саясат бөлімінің басшысы қатысты.

18 қазан күні аудандық кітапхана ғимаратында агробизнес колледжі оқушыларының қатысуымен “Дін және жастар” тақырыбында “дөңгелек үстел” болып өтті. Алқалы отырысқа сондай-ақ ауданның имамы мен АІІБ қызметкері қатысты.

Тұрғындар тарапынан дәстүрлі емес діни ағымдарға деген қызығушылықтың пайда болуына байланысты жағдайлар кездеседі. 2013 жылдың басында Александр Керкер деген азамат діни бірлестікті тіркеуден бас тартқандығы үшін аудандық сот арқылы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 173 000 теңге сомасында әкімшілік айыппұл (100 АЕК) салынды.

Тайынша аудандық Ішкі істер бөлімі қызметкерлері Келлер ауылында “Таблиғи жамағат” діни ағымын ұстанатын 8 адамды ұстап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Аталмыш тұлғалардың ұсталуы – құқық қорғау органдары қызметкерлері мен Келлер ауылдық мешіті имамының бірлесе атқарған жұмыстарының нәтижесі.

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. 26 шілдеде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында “СҚО халқының арасында діни экстремизмнің алдын алу” жобасы бойынша Чкалово ауылы мен Тайынша қаласында дін саласында түсіндірме жұмыстарын жүргізу сипатындағы іс-шара болып өтті. Аталмыш “дөңгелек үстелге” облыстық “Прозрение – Көз жету” бірлестігінің өкілі мен облыстық Дін істері жөніндегі басқарманың өкілі қатысты. Ал осы тақырып аясында 12 шілде күні ұйымдастырылған “дөңгелек үстелге” Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің мүшелері, ауданның діни бірлестіктерінің жетекшілері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Қазан айынан бастап ауданға қарасты барлық ауылдық округтерде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық іс-шаралар легі басталды. Мысалы, Рощинск ауылдық округінде теолог Рустам Садуов, ҰҚК қызметкері мен ауылдық учаскелік инспектордың қатысуымен жастармен кездесу болды. Сондай-ақ қараша айында аудан мектептеріне жаңадан енгізілген “дінтану” курстары бойынша діни бірлестіктер жетекшілерінің қатысуымен ашық сабақ өткізу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда теологиялық білімі бар мешіт имамдарының жетіспеушілігі байқалады. Мәселен, Чкалово және Зеленый Гай ауылдарындағы мешіттердегі имамдар – Петропавл қаласында қысқаша курстан ғана өткен тұлғалар. Өкінішке қарай, тәжірибе көрсетіп отырғанындай, насихаттау және халық арасында ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу үшін мұндай білім көрсеткіштері жеткілікті емес. Осы мақсатта ауданымызға теологиялық білімі бар білікті мамандарды жіберу туралы өтінішпен Дін істері жөніндегі басқармаға және облыстық мешіттің бас имамына хат жолдауға тура келді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp