«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҮНГІ ЖОЛАУШЫЛАРДЫ ДҮРЛІКТІРГЕН 28 жастағы қыз алты жылға сотталуы мүмкін

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған ақпарат таратқан тұлғалардың қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны кейбір жандарға ой салмайтын сыңайлы. Осы жолы облыс орталығындағы темір жол вокзалына “мина қойған” 28 жастағы қыз қолға түсті.
“Бомба қойылды” деген белгісіз әйелдің ақпаратынан соң түнгі сағат бір шамасында 250-ге тарта адам темір жол вокзалынан сыртқа шығарылған. Алайда, жедел әрекет ету қызметтері ешбір бомбаны таппады.
Таң ата “телефон террорисі” Астана қаласында аялдаған пойызда қолға түсті. Семей қаласының тұрғыны бомба туралы ақпаратты Петропавл-Алматы бағытындағы пойыздан таратқан. Полицейлер оның мұндай әрекетке не себепті баруын тергеу үстінде.
Заң бойынша мұндай қылмыс жасаған адам алты жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp