«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЛТА ҰРЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ҚАЖЕТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қалалық Ішкі істер басқармасында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпорындардың басшыларымен кездесу өткізді. Тәртіп сақшылары мен кәсіпкерлер талқылаған басты мәселе – қоғамдық көліктегі қалта ұрлығының алдын алу.

Қалалық автобустардағы қалта ұрлығының басым бөлігі жолаушылар көп болған жағдайда орын алады. Қазіргі уақытта Петропавлдың қоғамдық көліктерінде жасалған 117 ұрлық тіркелді. Қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтамаған, алаңғасарлық танытқан, сөмкелерінің аузын ашып, әмияндарын сыртқы қалталарына салатын қала тұрғындары – ұрылардың “жемі”.

Петропавл қалалық ІІБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Марат Жұмалиевтің айтуынша, аталған қылмысты ашу асқан шеберлікті қажет етеді. Жазаның ауыр болмайтындығын, кей жағдайда қылмыстық жаза да қолданылмайтындығын білетін ұрылар кейде, тіпті, ашық түрде әрекет етеді. Ал ұсталған жағдайда ұрланған заттардың көзін жойып, кінәсін мойындаудан бас тартып, жауаптан қашып құтылуға тырысады. Кәсіпорындардың басшыларына қалта ұрлығының алдын алу бойынша сақтық шаралары түсіндірілді. Қалалық автобустар мен троллейбустарда бақылау камераларын орнату, сонымен қатар салонға жүргізуші туралы ақпарат пен қоғамдық көліктің мемлекеттік нөмірін орналастыру ұсынылды. Себебі, бұл мағлұмат қылмыстың ашылуына септігін тигізеді.

Қоғамдық көлікпен жүретіндер құжаттар мен құнды заттарды, әмияндар мен телефондарды ішкі қалталарында сақтағандары жөн. Қарапайым ережелер сақталған жағдайда ғана заттарыңыз қылмыскерлердің олжасына айналмайтынын ескерткіміз келеді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp