«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ ҚЫРМЫЗЫ ҚЫЗҒАЛДАҒЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

1
Қызылжардың қырмызы қызғалдағы –
Осылай деп атадым қыз қалқаны.
Адам сұлу бола ма осыншама?! –
Ару деген ғаламның бір жұмбағы.

2
Армандай әйбат Гүлбану,
Әлемдей жұмбақ бір ару.
Сұрлану саған жат мүлдем,
Жаратылысың – нұрлану.

Арайлап атқан әрбір таң,
Көктегі күндей шалқытқан.
Бой билеп шаттық, қуаныш,
Айналар басың бақыттан.

Шаттығың сондай шадыман,
Шағала болып қалқыған.
Баршаға бақыт тілейсің,
Жүрегің нәзік жарқын жан.

3
Таң атса егер, білемін күн батарын,
Үнсіз қалмай, тездетіп тіл қатамын,
Солтүстіктен жететін мезгіл-мезгіл,
Ақ самалдай лебізіңді ұнатамын.

Қуаныш пен шаттықты тарту етем,
Өшпес сезім алауын Ар туы етем.
Сағыныштың азабын, басқа салса,
Өмір бойы қиналып, тартып өтем…

Ынтық зарым жетсін деп өлеңіммен,
Өпкім келер әр сөзбен гүл-өңіңнен.
Жүрекжарды жырымды түсінетін,
Айналайын сезімтал жүрегіңнен!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp