«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮЗДІК ОФИЦЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

ҚР ІІМ ІӘ Әскери институты жазғы оқыту кезеңіндегі сынақтан сүрінбей өтіп, жақсы көрсеткіштерімен көзге түскен офицерлерін марапаттады. Салтанатты кешке Ішкі әскер бас қолбасшысының орынбасары Мұхаметқали Сәтов қатысты. 

Гүлбике КУБЕНОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Қорытынды тексерістен өту кезінде барлық негізгі пәндер бойынша үздік нәтижеге қол жеткізген институттың төрт офицерінің қызметі мінсіз. Әрқайсысының еңбек жолындағы жетістіктері кеңінен сөз етілді бұл жиында. ҚР ІІМ ІӘ офицерлерінің біліктілігін арттыру және келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді даярлау факультетінің бастығы Александр Кухарев – солардың бірі.

Ол әскери қызметшілердің отбасында туып-өскен. Әскердің үздік офицерлері – атасы мен әкесінен алған тәлімін туған ұлы мен курсанттарға сіңіруде. Александр Кухаревтің ұлы Роман да бұл әулеттің дәстүрін жалғастырып, Ішкі әскерде қызмет етуде. Курсанттарды өз елінің патриоты болуға баулып келе жатқан офицер: “Сынақты үздік тапсырмауыма болмады. Өзім жас ұрпақты тәрбиелеп отырған жанмын. Олардың алдында әрдайым жауынгерлік рухта болуға тиіспін”, – деді.  

Әскери институтта 2000 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан майор Жолдасбек Нұркешов те өз ісінің білгірі. Мамандығы бойынша шекарашы офицер – бүгінде Әскери институттың 4-інші оқу батальонының командирі. Жас болғанымен, курсанттарды – жоғары кәсібилікке, командирлік және жауынгерлік даярлыққа баули білген тәлімгер.

Кеште Қару және оқ ату кафедрасының бастығы Сергей Балабанов пен кадр бөлімінің офицері Елена Истомина да құрметке бөленді. Институт ұжымы үздік офицерлерге бағалы сыйлықтар беріп, кешті концертпен тамамдады. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp