Жуырда Новоишим ауылында жеке кәсіпкер Иван Федоров жаңа салған ғимаратында “Реактор” техникалық байқау станциясын (ТБС) ашты. Салтанатты рәсімге ауыл тұрғындары, аудандық мемлекеттік мекемелердің басшылары келді.
Сағыныш УРАЗБЕКОВА.
Ғимарат екі қабатты, 520 шаршы метр жерді алып жатыр, Германия, Ресей, Қытай елдерінің заманауи техникаларымен жабдықталған, жарық пен жылу тартылған. Мұнда доңғалақтарды жөндеу, ауыстыру, көліктерді жуу шеберханасы, 2 негізгі машиналарды жөндеу шеберханасы, 1 май ауыстыратын шеберхана және екінші қабатта машиналарға құрал-саймандар, май сататын дүкен және қойма бар.
ТБС басшысы Иван Федоров: “Қазіргі кезде 11 адамды жұмыспен қамтып отырмын, олардың орташа жалақысы 30 000 теңге көлемінде. Барлық жұмысшылардың тәжірибесі бар, білікті мамандар. Мен бұл ғимаратты 2009 жылдың мамыр айынан бастап сала бастадым, құрылысқа 8 миллион теңге көлемінде қаражат жұмсалды. Алдағы уақытта ісіміз алға басып жатса, екінші қабатта демалыс орнын ашамын, машиналардың қораптарын жөндейтін, техникалық байқаудан өткізетін жабдықтарды сатып алып, қызмет түрлерін көбейткім келеді”, – деп, өз жоспарымен бөлісті.
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан.