«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМДЕРДІҢ БАСШЫЛАРЫ заңнаманы бұрмалаушылықтарға жол беруде

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Марат ЕБЖАНОВ,

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша

Тексеру комиссиясының мүшесі.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясы бақылаулық іс-шаралардың жоспарына сәйкес 2012 жылдың 1 шілдесі мен 2013 жылғы 30 қыркүйек аралығында облыстың жер қатынастары жөніндегі бөлімдерінде 12 сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізді. Жүргізілген бақылаулардың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 485,9 млн. теңге немесе бақылаумен қамтылған қаражаттың жалпы көлемінің 34,7% заң бұзушылықтар анықталды. Аудандар мен Петропавл қаласы бюджеттеріне түсуге жататын 81,9 млн. теңге сомасының немесе беті ашылған заң бұзушылықтардың жалпы сомасының 16,9%-ы, жергілікті бюджетке түскені – 40,6 млн. теңге сома немесе 49,6%.

Бақылаудың барысында анықталған заң бұзушылықтар мыналар болып табылады:

– сату-сатып алу шарттарында жер телімдерінің сатып алу құнын төлеудің мерзімі ай сайынғы негізде болмауы, 189,6 млн. теңге сомасында;

– жекеменшікке жер телімдерін сату кезінде мерзімін шегеріп беру, 90,6 млн. теңге;

– жергілікті атқарушы органдардың шығарылған шешімдері бойынша сату-сатып алу шарттарының жасалмауы, 52,9 млн. теңге;

– жер телімдерін сатып алу құнын бюджетке төлеу жөніндегі сатып алушылардың міндеттемелерін орындауларына бақылаудың жүзеге асырылмауы, 48,5 млн. теңге;

– сату-сатып алу шарттарында жер телімдерінің сатып алу құнын төлеу мерзімінің болмауы, 48,0 млн. теңге сомасында;

– жер телімдерінің сатып алу құнын уақтылы төлемегендері үшін тұрақсыздық төлемін есептеуді жасамау, 21,9 млн. теңге сомасында;

– жер телімдерін сату-сатып алу шарттарын жасаудың мерзімдерін бұзу, 10,7 млн. теңге сомасында;

– жерді уақытша өтеусіз пайдалануға шарттар жасау кезінде жалдық төлемнің сомасын көрсету мен есептеулердің болмауы, 9,4 млн. теңге сомасында;

– жер телімдерін пайдаланғаны үшін төлемдер есебінің анық жасалмауы, 5,5 млн. теңге сомасында;

– жер телімдерін сату-сатып алу шарттарының атқарылуына бақылаудың жүзеге асырылмауы, төлемдер бюджеттік сыныптаманың басқа кодтарына жасалған, болмаса сату-сатып алу шарттарының қатысушысы болып табылмайтын үшінші тұлғаларға төленген, жалпы сомасы 4,5 млн. теңге;

– жер телімін жалға беру құқының төлемі дұрыс есептелмеген, жалпы сомасы 4,3 млн. теңге.

Жол берген бұзушылықтар үшін бақылау объектілерінің 15 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жүргізілген бақылаудың қорытындысы бойынша бақылау объектілеріне міндетті түрде орындалуға жататын қаулылар жіберілді.

Тексеру комиссиясының қаулыларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін облыстың үш Жер қатынастары жөніндегі бөлімінің басшылары аудандық соттар арқылы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 356-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жер телімдерінің сатып алу құнын бюджетке уақтылы немесе толықтай төлемеудің беті ашылған фактілері бойынша 57 жағдайда (9 ауданның) бақылаудың материалдары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 166-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарау үшін Солтүстік Қазақстан облысының аумақтық Салық басқармаларына жіберілді. 36 жер пайдаланушы жалпы айыппұл сомасы 5,4 млн. теңгені құрайтын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тексеру комиссиясы бұл бұзушылықтарға мыналар себеп болған деп санайды:

1. Облыстың Жер қатынастары жөніндегі бөлімдерінің басшылары жер қатынастары саласындағы заңнамаларды толық сақтамайды, бұл облыс аудандары мен Петропавл қаласы бюджеттеріне түсімдердің толықтай және уақтылы түспеуіне әкеліп соқтырады.

2. Жер қатынастары саласындағы уәкілетті органдар және Солтүстік Қазақстан облысының аумақтық Салық басқармаларының негізгі капиталды, дәлірек, жерді сатудан түскен түсімдер төлемдерін бюджетке төлемеу және толықтай төлемеу фактілері бойынша өзара байланысты іс-әрекеттерінің болмауы.

3. Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесінің нақтылық, негізділік қағидаларын бұзумен жер телімдерін жалға беру құқын сату бойынша түсімдердің жоспарын төмендетуге жол берілген, бірқатар аудандарда жер телімдерін сату үшін төлемдер бойынша болжамдар негізсіз арттырылған.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp