«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МҰСТАФА ГУЛИЕВТІҢ ҚУАНЫШЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Шөптікөл ауылдық округінің Разгульное ауылына мұхиттың арғы жағынан 200 бас ірі қара әкелініп, “Агрофирма Приишимский” ЖШС директоры Мустафа Гулиев қуанышқа бөленді. 

Сағыныш УРАЗБЕКОВА.

Ол “ҚазАгроФинанс” АҚ көмегімен 147 миллион теңге жеңілдетілген несие ресімдеп, мал шаруашылығын дамыту ісін қолға алды. Жуырда ірі қара сұрыптап алынып, карантинге қойылып, Абердин-Ангус тұқымының 193 бас сиыры және 7 бас бұқасы Америка Құрама Штатының Пенсильвания қаласынан су көліктерімен мұхиттан жүзіп өтіп, содан Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласына әкелініп, малды таситын автокөлікпен біздің Разгульное ауылына жеткізілді. Ал қалғаны карантинді өте алмағандықтан, желтоқсан айында әкелінеді.

Бұл жұмысқа Мустафа Гулиев көп уақыт дайындалды, 2012 жылдан ол асылтұқымды сиырлар мен бұқаларға арнап төрт жүз бас сиятын екі қатарлы екі үлкен қора сала бастады. Құрылыс биыл 1 шілдеде аяқталып, ірі қараға 1 400 тонна шөп, 400 тонна жем, 100 тонна сабан дайындалды.  

Мустафа Маулиевичтің өзі бұл жұмысы туралы: “Мал бағу оңай шаруа емес. Мен бұл іске ұзақ дайындалдым. Қол астымда алты адам қызмет етуде, техникаларым жүріп тұр, мол суару үшін су ұңғымасы бар, жемшөп сақтау үшін бөлек қоймалар, сиырлардың төлдеуі үшін және бұқалар тұратын орындар дайын. Ғимараттардың ішіне жарық тартып, ыңғайлы болу үшін барлығын жасап жатырмын. Қазіргі кезде мал карантинде тұр, біздің жерге, ауа райына бейімделуі бір қалыпты, жақсы өтіп жатыр. Келер жылдың басынан, яғни қаңтар-ақпан айларынан бастап сиырлар төлдей бастайды. Осыған байланысты шешілмеген бір мәселе – мал дәрігерінің жоқтығы. Аудан басшылары бұл мәселені шешуге көмектесетіндерін айтты. Әсіресе, ауданымыздың әкімі Марат Тасмағанбетов бізді осындай істі бастап жатқанымызбен құттықтап, алдағы уақытта қолдау көрсететіндігін атап өтті. Ендігі мақсатым – ірі қара басын көбейтіп, мал шаруашылығын дамыту”, – дейді.

Ғабит Мүсірепов  

атындағы аудан. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp