«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӘСІПОДАҚТАР ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облысымызға жұмыс сапарымен Республикалық мәдениет, спорт және бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Светлана Иманқұлова келді. Ол мәдениет және спорт ұйымдарының өкілдерімен кездесуде кәсіподақтар туралы жаңа заң жобасын талқылап, сұрақтарға жауап берді. 

Гүлбике КУБЕНОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Бүгінде кәсіподақтар 1993 жылы қабылданған заң негізінде жұмыс істеуде. Алайда, аталмыш заң қазіргі заман талаптарына сай емес. Сол себепті кәсіподақтарды әлеуметтік әріптестікте нақтылы күшке айналдыру үшін жаңа заң жобасы жасалып, ол барлық салаларда талқылануда. Өкінішке қарай, қазіргі кәсіподақтардың жағдайы мәз емес. Мұны мәдениет саласының ұйымдарынан да байқауға болады. Мәдениет және спорт салаларының қызметкерлері әлі күнге дейін ең аз көлемде жалақы алады. Жалақыларының көлемі денсаулық сақтау мен білім беру салалары еңбеккерлерінікінен әлдеқайда төмен. Сондай-ақ мәдениет саласы ұйымдарында жұмыс істейтін техникалық қызметшілер ешбір жәрдемақы алмайды.

“Осы мәселелердің шешімін тауып, азаматтардың әлеуметтік-еңбек құқықтарын сақтайтын кәсіподақтардың жұмысын жандандыру жолында қыруар жұмыс жасау қажет. Біз қазір Үкіметке бірқатар ұсыныстар әзірлеп отырмыз. Заң қабылданатын болса, көп мәселемізді шешеріміз анық”, – деді Светлана Иманқұлова.

Кәсіподақ ұйымдарының белсенділері Үкімет алдында жалақы туралы Қабылданған қаулыға өзгеріс енгізу жөніндегі ұсынысты да ортаға салмақ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp