«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКАҒА” ҚАРСЫ КҮРЕС кеңінен жүргізіледі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа және “көлеңкелі экономикаға” қарсы күрес мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы болып өтті. 

Гүлбике КУБЕНОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Қоғамдық кеңестің жаңа мүшелері тағайындалған соң ҚР Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының мақсаты мен міндеттері, жұмыс жүргізу барысы талқыланды. Солтүстік Қазақстан Кәсіпкерлерінің өңірлік палатасының директоры Нелли Кукушкинаның айтуынша, бүгінде облысымызда 21 мыңға жуық бизнес субъектісі тіркелген. Палатаны құру кезінде 37 заңнамалық акті өзгеріс пен түзетулерге ұшырап, олардың барлығы кәсіпкерлік қызметті барынша дамытуға бағытталып отыр. Аталмыш өңірлік палата қарашаның 27-сі күні облыс орталығында “Ашық есік күнін” өткізбекші. Бұл шарада мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдар өкілдеріне, кәсіпкерлерге палата жайлы толық мағлұмат берілетін болады.  

Облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары Ермекбай Қожахметов парақорлықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмысқа тоқталды. Осы бағытта жыл басынан бері 60-тан астам шара ұйымдастырылған. Қаржы полицейлерінің мұрындық болуымен жүзеге асқан “Өзіңнен баста!” және “Таза сессия” акциялары оң нәтиже беруде.  

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp