«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘУЕДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК – ЕРЕКШЕ НАЗАРДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Көліктегі ІІД Петропавл станциясындағы Ішкі істер желілік бөлімі стратегиялық нысан – Петропавл қаласының халықаралық әуежайына жедел қызмет көрсетіп келеді. Соңғы уақытта халықаралық ахуалдың шиеленісуіне, сондай-ақ әлем бойынша әуе көлігіндегі лаңкестік әрекеттердің жиі орын алуына байланысты оған қарсы әрекет ету түрлерін жетілдіру баршамыз үшін маңызды болып табылады.

Бүгінде лаңкестік әрекеттерді болдырмау мақсатында әуе кәсіпорындарымен және әуе қауіпсіздік қызметтерімен тығыз қарым-қатынас орнатылған. ЖІІБ басшылығы бекіткен кестеге сәйкес ай сайын еңбек ұжымдарымен өтетін кездесулерде лаңкестікке қарсы әрекет ету тақырыбы бойынша алдын алу шаралары ұйымдастырылады.

Сонымен қатар әуе кемесінің ішіне рұқсат етілмеген заттарды өткізуге жол бермеуге қатысты жұмыс атқарылуда. Жолаушылардың қол жүгі сканермен, ал жолаушылар көзбен шолып байқау арқылы тексеріледі. Әуежай қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нұсқаулық ұсыныстар беріліп, билет кассирлеріне жаднамалар таратылады. Әуе кемелерінің ұшуы және жолаушылардың қауіпсіздігі ерекше бақылауға алынған.

(Ресми ақпарат).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp