«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҮЗДЕН – ЖҮЙРІК ШЫҚҚАН жеңімпаздар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Жүзден – жүйрік” байқауы қазақ және орыс тілдерінде білім беретін мектептердің, балабақшалардың және колледждердің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері арасында өтті. Оған сырттай кезеңде іріктелген 70-тен астам ұстаз қатысты. 

Ләйла ЖАНЫСОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Байқау 4 турдан тұрды. Бірінші турда қатысушылар алдын ала таратылып берілген сауалнаманы толтырып, “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ СҚО бойынша ПҚБАИ” филиалының электрондық поштасына жіберген. Сауалнаманың нәтижесі бойынша екінші турға 72 мұғалім өткен.

Екінші турда қатысушылар тест орындап, оның нәтижесі бойынша үшінші кезеңге өткен мұғалімдер белгілі болды. Үшінші турда қатысушылар өз таңдаулары бойынша қазақ тілі немесе әдебиеті пәндерінің авторлық оқулық макетін, я болмаса авторлық оқу-әдістемелік құралын (сөздік, хрестоматия, жұмыс дәптері, диктанттар мен мазмұндама мәтіндерінің жинағы, жаттығулар жинағы, т. б.) қорғады. Конкурстық жұмыстың мазмұнынан білім берудің заманауи талаптары тұрғысындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін сапалы оқытудың шарттары туралы қатысушы көзқарасы танылуы керек. “Әдістемелік идеялар жәрмеңкесі” деп аталған төртінші байқау турына 37 мұғалім өтті. Онда талапкерлер қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытудың өзекті мәселелерінің біріне қатысты өздерінің озық идеясын көпшілік назарына ұсынды.  

Байқаудың қорытындысы бойынша Айыртау ауданының Рудный орта мектебінен – Әсем Атығаева мен осы ауданның Имантау орта мектебінен – Досжан Нурсеитов, Петропавл қалалық классикалық гимназиясынан Айнаш Өтегенова І орынға лайық деп танылды.

Екінші орынға – 8, үшінші орынға 12 мұғалім ие болды.

Байқау жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

СУРЕТТЕ: (солдан оңға қарай) Айнаш Өтегенова, Досжан Нурсейтов, Әсем Атығаева.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp