Ішімдікке сылқия тойып, көлік жүргізетіндерге қатысты заң талабы күшейтіліп жатқанымен, мұндай құқық бұзушылыққа барғандардың қатары азаяр емес. Жақында тағы бір мас көлік жүргізушісі рульге ие бола алмай, жарға құлап түскен.
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда “ВАЗ-2107” автокөлігі үлкен биіктіктен өзен жағалауына құлап, жолаушыларының бірі соқтығысудан құтылу мақсатында “темір тұлпардан” шыға бергенінде дене жарақаттарын алды.
Төрт ер адам Ковыльное ауылынан алыс емес маңда арақ ішкен. Көліктеріне отырып, ауылға қайтып келе жатқан тұстарында осы апатқа ұшыраған. Апаттан қашып-құтыламын деген біреуінің көліктен секірген тұсында аяғы қауіпсіздік белбеуіне оратылып қалған.
Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.