«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕТІ ОЙЫНДА ТӨРТ МӘРТЕ ЖЕҢІЛГЕН “Есілдің” есесі кетіп тұр

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өскеменде “А” жоғары тобында ойнайтын командалар 11 қарашада басталған алғашқы турдың жекпе-жектерін айдың 18-і күні тамамдады.

Жерлестеріміз “Есіл-Виктория” клубы ала-құла ойнауда.
Жарыс көшін 19 ұпаймен Шымкенттің “Динамо-Қазықұрт” клубы бастады.
Өскеменнің “Шығыс-Свинец-Строй-2” командасының ойыншылары 17 ұпай жинап, екінші орынға жайғасты.

Үшінші және төртінші орындарда тиісінше – Алматының “Ұшқын-Қаз-НАУ” және “Семей” клубтары. Екеуінің де қоржынында 15 ұпай бар. Алматылықтар семейліктерден екеуара кездесудің нәтижесіне қарай жоғары орналасқан.
Ал біздің “Есіл-Виктория” жеті ойын өткізіп, төртеуінде жеңіліп қалған. Ол бесінші орында. 8 ғана ұпайы бар. Жоғары топтағы кездесулер сегіз команданың арасында өтуде.
Жерлестеріміз көш басындағыларға толығымен жол беріп, алтыншы, жетінші және сегізінші орындардағы командалардан ғана басым түсті.

Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша дайындалды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp