«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КУРСТАН РИЗА БОЛЫП ТАРҚАСТЫҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Таяуда “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ-ның “Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты” филиалында “Бастауыш мектепте білім сапасын арттыруда инновациялық технологияларды қолдану” тақырыбында дәрістер өтті.

Бақыт ҚАБДІЛМӘЖИТОВА ,  

Жанар АҚЖІГІТОВА,

“Парасат” мектеп-лицейінің

бастауыш сынып мұғалімдері.

Біздің курсымыз институттың 65 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді. Екі аптаға созылған курс барысында осызаманғы технологияларды бастауыш сынып балаларына таныстырып, олармен жұмыс істеу дағдыларын үйретуге баса назар аударылды. Өйткені, қазіргі білім берудің барлық деңгейлерінде зерттеулік, компьютерлік, жобалық және көптеген өзге де инновациялар кеңінен қолданылады. Жас ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беру үшін ұстаздар қауымы алдымен инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін өздері меңгеруі тиіс.

Жаңа технологияларды пайдалана отырып өткізілген қызықты, тартымды, мазмұнды дәрістердің, әсіресе, ауылдық жерлерден келген мұғалімдер үшін берері мол болды. Әр ауданнан келген әріптестеріміз өздеріне көп мәліметтер алып, тәжірибе жинақтады.  

Курстың соңғы күнінде өз ойларымызды “дөңгелек үстел” басында талқыға салдық. Райхан Байсейітова мен Ақмарал Бейсенбина “Математика сабақтарында халық педагогикасы элементтерін пайдалана отырып, білім сапасын арттыру”, “Ойын арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту” тақырыптарындағы ғылыми жобаларын қорғады. Гүлназ Шамғанова мен Асыл Сүлейменованың тобы жаңа технологиялардың тиімді жақтарын, соның ішінде портфолио оқушының жетістіктер көрсеткішінің кепілі екендігін дәлелдеді. Гүлшаш Бәкееваның тобы дәстүрлі және инновациялық технологияның салыстырмалы ерекшеліктерін қарастырды.

Көтерілген мәселелерге біз мұғалім, ата-ана, оқушы ретінде өз көзқарастарымызды білдірдік. Шараның қорытынды кезеңінде “Егер мен басшы болсам…” тақырыбы бойынша әр топ шағын эссе жаздық. Онда әркім өзі басшылық қызмет атқарса, қандай жаңашылдық енгізетінін ортаға салды. Жаңашыл ұстаз қандай болуы керектігі жөнінде Раушан Жангузинаның тобының келтірген дәлелдері ерекшеленді. Жетекшілеріміз Ақмарал Ілиясова мен Айна Қарабатырова “дөңгелек үстелдің” көздеген мақсатына жеткенін, шараның жан-жақты әрі қызықты ұйымдастырылғанын айтты.

Курсқа облыстың әр ауданынан жиналған ұстаздар осы уақыт аралығында алған жаңашылдықтарына риза болып тарқасты.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp