Ләйла ЖАНЫСОВА,
“Солтүстік Қазақстан”.
Еліміз бойынша 15-ші қараша күні жаратылыстану-математика бағытындағы VІ Президенттік олимпиаданың екінші іріктеу кезеңі online режімінде өткен болатын. Оған бірінші іріктеу кезеңінен өткен облыс мектептерінің 20 оқушысы қатысты. Қашықтықтан өткен олимпиаданың екінші іріктеу кезеңінің қорытындысы 22 қараша күні шықты. Енді республикалық кезеңге өткен 10 бала облыс намысын қорғайды.
Президенттік олимпиаданың екінші кезеңі 2 турда өтті. Бірінші тур еліміздің барлық өңірлерінде бір мезгілде басталып, қашықтықтан басқарылды. Оның нәтижесін сынақтан өтушілер Интернет-тур аяқталысымен білді.
Екінші турда балалар шығармашылық тұрғыда сыналып, эссе жазды. Математика, физика, химия және биология пәндері мен шығармашылық тапсырма эссе жазудан 50 және одан жоғары балл жинағандар VІ Президенттік олимпиаданың келесі үшінші кезеңіне өтті.
Олар:
Дарынды балаларға мамандандырылған облыстық қазақ-түрік лицейінен – Әлімжан Мәркен (барлығы – 69,5 балл) мен Әділет Мырзатай (54,5 балл);
Дарынды балаларға мамандандырылған облыстық “ЛОРД” мектеп-лицейінен – Александр Положаев (68,5 балл) пен Надежда Демина (53,5 балл);
Петропавл қаласындағы Бірінші лицейден – Егор Земляков (64 балл), Тимур Хасенов (61 балл), Дмитрий Аристов (60 балл), Александр Голенков (52 балл);
Петропавл қаласындағы №32 орта мектептен – Роман Гугняк (58 балл);
Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласындағы Е.Букетов атындағы мектеп-гимназиядан – Асхат Мұрзабаев (56 балл).