«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҮНГІ УАҚЫТТА КӨШЕ КЕЗГЕН 50 жасөспірім анықталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ювеналдық полиция қызметкерлері кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында облыс орталығындағы ойын-сауық орындарында рейдтер өткізді. 

Полиция қызметкерлері “Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күрес күні” акциясы барысында түнгі уақытта ересектердің бақылауынсыз көшеде жүрген кәмелет жасына толмаған 50 баланы анықтады. Солардың бірі – 16 жастағы бойжеткен кешкілік құрбыларымен бірге қыдыруға шыққан. Жасөспірімнің ата-анасы шақыртылып, олар наркологиялық диспансерге аттандырылды.

Түнгі серуенге құмар балалардың біреуі орталық көшелердің бірінде қолға түсті. Жасөспірімнің ішімдік ішкені белгілі болды. Бұл факті бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, құқық бұзушы ата-анасына тапсырылды.  

“Түнгі қаладағы балалар” республикалық жедел-алдын алу шарасы аясында өткізілген рейдтер де оң нәтиже берді. Полиция қызметкерлері мектептерде құқықтық тақырыптарда лекциялар өткізіп, арнайы парақшалар таратты. Олардың көздегені жасаған тәртіп бұзушылықтары бойынша балалардың қандай жауапкершілікке тартылатынын, бұған қандай жаза түрі мен айып қарастырылатынын жеткізу, жасөспірімдер арасындағы құқықтық сауаттылықты арттыру болып табылды.

Рейдтердің бірінде 6 күн бойы үйіне келмеген 4-сынып оқушысы табылды. Бір қынжыларлығы, Жұмысшы кентінде тұратын 35 жастағы әйел баласының жоғалып кеткенін полицияға төрт күн өткен соң ғана хабарлаған. Нәтижесінде оқушы ДСР шағын-ауданында орналасқан үйлердің бірінде бейтаныс адамдардың ортасынан табылды. Бала анасының ішімдікке салынуына байланысты үйіне қайтып оралғысы келмейтіндігін айтқан.

Полиция қызметкерлері 10 жастағы баланы кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған бейімдеу орталығына орналастырды. Қазір оның анасына қатысты ана құқығынан айыру мәселесі қозғалуда.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp