«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 27.11.2013

ӨЗ СЫЙЛЫҚТАРЫН БАЛАЛАРҒА ҰСЫНУ – қаржыгерлердің қашанғы дәстүрі

Өңіріміздің қаржыгерлері Тұңғыш Президент күніне орай волейболдан жарыс ұйымдастырды. Санат МАСКЕНОВ, “АТФ банктің” бас маманы. Биылғы доданы “АТФ банк” өткізді. Үш жүзден аса қызметкер шеберлік салыстырған жарыс Ұлттық валюта – теңгеміздің 20 жылдығының құрметіне де арналды. Барлығы отыз екі команда сынға түсті. Әйелдердің он алты командасының ішінен “БТА” және “АТФ” командалары басымдық танытты. Ақыр-соңында осыларға …

ӨЗ СЫЙЛЫҚТАРЫН БАЛАЛАРҒА ҰСЫНУ – қаржыгерлердің қашанғы дәстүрі Read More »

ҚҰНЫ ҚОЙДАН ҚЫМБАТ жоғалған күшік иесіне қайтарылды

Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының (МКҚБ) полицейлері овчарка күшікті ұрлаған ер адамды ұстады. МКҚБ-нің кезекші жедел тобы облыс орталығының қоғамдық тәртібін бақылап жүрген. Оларды Солнечный кентінің тұрғыны тоқтатып, бірер минут бұрын аулада жүрген итінің жоғалғанын айтқан. 45 жастағы ер адам шығыс-еуропа тұқымды күшікті 90 мың теңгеге сатып алған. Үй маңында құрылыс жүріп жатқандықтан, оны материалдарды күзеттіру …

ҚҰНЫ ҚОЙДАН ҚЫМБАТ жоғалған күшік иесіне қайтарылды Read More »

АСТЫРТЫН КАЗИНО ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ 240 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылатын болды

Облыста астыртын казинодан тәркіленген бес мыңнан астам контрафактілік дискі мен заттай айғақтар жойылды. Петропавл қаласының қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында бес мыңнан астам контрафактілік дискі, рулеткасы бар үстел, покер үстелдері, ойын карталары, алкоголь өнімдері тапталды. Бұрын аталмыш контрафактілік дискілер астыртын цехты ұйымдастырушы Я. есімді азаматтан тәркіленген болатын.

АЛИМЕНТ және АЙЫППҰЛ ТӨЛЕУДЕН ҚАШҚАН азаматтар іздестірілуде

Солтүстікқазақстандық көші-қон полицейлері алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлерді іздестіруде. Тәртіп сақшылары жыл басынан бері мұндай шараны төртінші мәрте өткізуде. Көші-қон полициясы бөлімінің бастығы Медет Сағдидің айтуынша, алимент төлемегендерге қатысты 1300-ден астам сот анықтамасы түскен. Тек Петропавл қаласы ІІБ Көші-қон полициясы бөлімінің өзінде 954 борышкер есепте тұр. Солардың арасында әкімшілік айыппұл төлемеген азаматтар да бар. 41 …

АЛИМЕНТ және АЙЫППҰЛ ТӨЛЕУДЕН ҚАШҚАН азаматтар іздестірілуде Read More »

ЖАРЫС ЖОЛЫНДА – ПОЛИЦЕЙЛЕР ОТБАСЫЛАРЫ

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Бескөл ауылының “Болашақ” дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде полицейлер отбасылары арасында жарыс болып өтті. Сайыста СҚО ІІД және Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің СҚО бойынша департаменті, қалалық Ішкі істер және Мамандандырылған күзет қызметі басқармаларының бес командасы сынға түсті. Кімнің командасы ең жылдам, мықты және ұйымшыл екендігін анықтау үшін офицерлерге және олардың жақындарына он кезеңнен …

ЖАРЫС ЖОЛЫНДА – ПОЛИЦЕЙЛЕР ОТБАСЫЛАРЫ Read More »

“ТЕҢГЕГЕ – 20 ЖЫЛ” МЕДАЛІ Ұлттық валютаға еңбек сіңіргендерге тапсырылды

“Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі” ММ облыстық филиалында теңгенің 20 жылдығына орайластырылған тағы бір салтанатты жиын өтті. Онда филиал директоры Жомарт Қажырахымов бір топ әріптесіне “Теңгеге – 20 жыл” медалін табыс етті. Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Осыдан 20 жыл бұрын еліміздің егемендігінің бір белгісі ретіндегі Ұлттық валюта – теңгенің қолданысқа енгізілу үдерісіне өзіндік үлес қосқан талай …

“ТЕҢГЕГЕ – 20 ЖЫЛ” МЕДАЛІ Ұлттық валютаға еңбек сіңіргендерге тапсырылды Read More »

“ЕЛІ СҮЙГЕН, ЕЛІН СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ”

Петропавлдағы Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатта 10-сыныптар оқушылары арасында өткен “Елі сүйген, елін сүйген Елбасы” тақырыбындағы сынып сағаты Тұңғыш Президентке арналды. Гүлзат ТЕМІРБЕКОВА, Әбу Досмұхамбетов атындағы гимназия-интернат тәрбиешісі. Сынып сағатында Елбасының өмір жолы, ерекше қасиеттері, ерен еңбегі туралы терең де мағыналы мәліметтер айтылды. Оқушылар мұны қызыға тыңдап қана қоймай, сабаққа өздері де …

“ЕЛІ СҮЙГЕН, ЕЛІН СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ” Read More »

ОБЛЫСТЫҢ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕРІ өз мүмкіншіліктерін саралады

Кеше Петропавл қалалық Мәдениет үйінде облыстың іскер әйелдерінің басын қосқан форум өтті. Тұңғыш Президент күні қарсаңында ұйымдастырылған шараға облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов және республикалық “Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы” қолғамдық бірлестігінің президенті Раушан Сәрсембаева қатысты. Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. Форум басталмас бұрын құрметті қонақтар Мәдениет үйінің фойесінде ұйымдастырылған “Әйелдердің жаңа экономикаға қосқан үлесі” көрмесі мен …

ОБЛЫСТЫҢ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕРІ өз мүмкіншіліктерін саралады Read More »

ТАЛАНТТАРДЫ ТАНЫТҚАН БАЙҚАУ жерлестерімізге де олжалы болды

“АРТ Фестиваль – Роза ветров” қоры (Мәскеу қаласы) өткізген талантты балалар арасындағы өнер додасы өз мәресіне жетті. “Қазақстандағы жел бағыты” III халықаралық балалар мен жасөспірімдер және “Балалар балалар үшін ойнайды” халықаралық театр байқаулары нәтижесінде облысымыздың өнер саласы жаңа есімдермен толықты.  Гүлбике КУБЕНОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Ресейдің Челябі, Омбы, Түмен, Қорған, Свердлов облыстары, Башқұртстан, Саха (Якутия) және …

ТАЛАНТТАРДЫ ТАНЫТҚАН БАЙҚАУ жерлестерімізге де олжалы болды Read More »

ЕЛ БАСТАҒАН ЕР

Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ, “Солтүстік Қазақстан”. Елбасымен бірге өткерген тәуелсіздік тарихындағы маңызды қадамдар облыстық “Нұр Отан” партиясында өткен диалог алаңының тақырыбына айналды.   Майшамның жарығымен жұмыс істеген жылдардың қиындығын еске алған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов Елбасымен бірге елдің кезең-кезеңмен еңсерген белестеріне тоқталып өтті.

ЕЛІМІЗДІҢ ЕРЕКШЕ МЕРЕКЕСІ

Біз осымен екінші рет Президент күнін атап өткелі отырмыз. Бұл мереке барша қазақстандықтар үшін ерекше – ол кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі беделді және ықпалды көшбасшылардың бірі ретінде Қазақстанның сенімді де орнықты дамуының, мемлекеттікті құру ісінде еліміздің зор табыстарының куәгері. Бұл жетістіктердің барлығы – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қажырлы еңбегінің жемісі және олардың барлығы оның Отанымыздың …

ЕЛІМІЗДІҢ ЕРЕКШЕ МЕРЕКЕСІ Read More »

БАЛАЛАР ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛЕРІ өңір басшысымен кездесті

Кеше облыс әкімі Самат Ескендіров Петропавл қалалық классикалық гимназияда балалар ұйымдарының жетекшілерімен кездесіп, оларды толғандырып жүрген сауалдарға жауап берді, өскелең ұрпақты елімізде осымен екінші рет аталып өткелі отырған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады. Аталмыш шараға Балалардың қоғамдық бірлестіктері халықаралық одағының төрағасы Алексей Волохов, республикалық “Жас ұлан” бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы” қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Айнұр …

БАЛАЛАР ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛЕРІ өңір басшысымен кездесті Read More »

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖАЛҒАСЫН ТАУЫП, шағын қалаларды дамыту қолға алынбақшы

Өңір басшысы Самат Ескендіровтің төрағалық етуімен облыстық әкімдіктің кезекті отырысы өтіп, онда төрт мәселе қаралды. Соның алғашқысы – Қызылжар ауданының он айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының кейбір мәселелері жөнінде аудан әкімі Еркебұлан Кәменов хабарлама жасады.  Гүлбике КУБЕНОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Аудан әкімінің сөзіне қарағанда, қызылжарлықтардың аталмыш салада қол жеткізген көрсеткіштері айтарлықтай. Қаңтар-қазан айы аралығындағы қорытынды бойынша ауданның өндірістік …

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖАЛҒАСЫН ТАУЫП, шағын қалаларды дамыту қолға алынбақшы Read More »

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР мен БАҚ АРАСЫНДАҒЫ қарым-қатынас жақсара түсуде

Облыста мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдері арасындағы қарым-қатынас нәтижелі жүзеге асырылуда. Ол баспасөз хатшылары, мемлекеттік қызметшілер және журналистер арасындағы әріптестікті нығайтуға бағытталған. Бұл жоба биыл көктемде бастау алыпты. “Әділ Арқа” қоғамдық қоры мүшелерінің жыл бойы атқарған жұмыстары облыстық сотта болған кездесуде қорытындыланды.  Мағжан АХМАДИНА, журналист. Бұл – “Әділ Арқа” қоғамдық қорының БАҚ өкілдері мен мемлекеттік …

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР мен БАҚ АРАСЫНДАҒЫ қарым-қатынас жақсара түсуде Read More »

ЖУРНАЛИСТЕР ЖАҢА МОДЕЛЬМЕН ТАНЫСТЫ

Павлодар қаласында ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменовтің төрағалық етуімен “Мемлекеттік қызметті реформалау: ішкі түйін және аймақтық БАҚ-тағы көрінісі” деген тақырыпта журналистерге арналған семинар өтті.  Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Еуропа Одағының “Қазақстан Үкіметі мемлекеттік қызметін реформалау және жаңғырту” жобасының қолдауымен жүзеге асқан семинар жұмысына қатысқан Павлодар, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының …

ЖУРНАЛИСТЕР ЖАҢА МОДЕЛЬМЕН ТАНЫСТЫ Read More »

АТА КӘСІПТІ ӨРКЕНДЕТУ БАҒЫТЫНДА атқарылып жатқан істер аз емес

Мал шаруашылығы ауыл экономикасының басым салаларының бірі болып табылатынын Елбасы халыққа арнаған Жолдауларында үнемі айтып келеді. “Қазақстан – 2050” Стратегиясында осы саланың ұзақ мерзімге бағдарланған жаңа міндеттері белгіленді. Үкіметтің 11 қазандағы кеңейтілген отырысында да стратегиялық мәні ерекше аграрлық сектордың проблемалары сөз болып, мемлекеттік бағдарламалардың қайтарыммен жұмыс істеуі талап етілді. Президент етті мал шаруашылығының экспорттық әлеуетін …

АТА КӘСІПТІ ӨРКЕНДЕТУ БАҒЫТЫНДА атқарылып жатқан істер аз емес Read More »

МАҒЖАНДЫҚ ЖАСТАР ЕЛБАСЫМЕН БІРГЕ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында аудандық Мәдениет үйінде “Елбасымызбен біргеміз!” атты жастардың патриоттық акциясы болып өтті. Оған “Жас Отан” жастар қанатының, “Жас ұлан” мен “Жас қыран” оқушылар ұйымдарының мүшелері, белсенді жастар, кәсіби дайындық пен қызмет көрсету колледжінің студенттері қатысты.  Еркебұлан ЕЛУБАЕВ,   журналист. Бұл күні зал көрерменге лық толды. “Нұр Отан” партиясының жалауын, түрлі-түсті …

МАҒЖАНДЫҚ ЖАСТАР ЕЛБАСЫМЕН БІРГЕ Read More »

“АБАЙТАНУДЫ” ОҚЫТУДЫҢ өзекті мәселелері семинарда талқыланды

Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”. 26 қарашада облыстық Білім басқармасы мен “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты филиалы мамандарының бірлесіп ұйымдастырған шарасы өңір мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің басын қосты. Онда 2013-2014 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мектептер бағдарламаларына енгізілген “Абайтану” курсын оқытудағы өзекті …

“АБАЙТАНУДЫ” ОҚЫТУДЫҢ өзекті мәселелері семинарда талқыланды Read More »

ИМАМДАР БІЛІМДЕРІН ШЫҢДАДЫ

“Қызылжар” орталық мешітінде қала, аудан имамдары мен молдаларының біліктілігін арттыруға арналған екі күндік семинар өткізілді. Аталмыш шараға ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Шоқанов, Павлодар қалалық “Ақмешіт” мешітінің бас имамы Жолдас қажы Бердімұратов, сондай-ақ облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Салауат Мұқсимов арнайы шақырылды.

ДІН және ДӘСТҮРЛЕР САБАҚТАСТЫҒЫ ел бірлігін нығайта түседі

“Қызылжар” орталық мешітінің ұйымдастыруымен М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-де “Дін және дәстүр” атты конференция өтті. Аталмыш шараға ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Шоқанов, Дін істері агенттігінің діни оқу орындарымен байланыс және дінтану сараптамасы жөніндегі басқармасының басшысы Айнұр Әбдірәсілқызы арнайы шақырылды. Жиынның басты мақсаты – өскелең жастарды имандылыққа баулып, Исламды құрметтеп, ұмытыла бастаған салт-дәстүрлерімізді, …

ДІН және ДӘСТҮРЛЕР САБАҚТАСТЫҒЫ ел бірлігін нығайта түседі Read More »