Облыста астыртын казинодан тәркіленген бес мыңнан астам контрафактілік дискі мен заттай айғақтар жойылды.
Петропавл қаласының қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында бес мыңнан астам контрафактілік дискі, рулеткасы бар үстел, покер үстелдері, ойын карталары, алкоголь өнімдері тапталды.
Бұрын аталмыш контрафактілік дискілер астыртын цехты ұйымдастырушы Я. есімді азаматтан тәркіленген болатын.
Заң бұзушы дискілерін облыс орталығының сауда нүктелерінде сатып келген. Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Алайда, сотта қылмыстық іс тараптардың ымыраласуына байланысты тоқтатылды. Айыпталушы құқық иегерлеріне келтірілген 2,5 млн. теңге көлеміндегі шығынды толығымен өтеп отыр.
Ал тағы бір астыртын казиноның ұйымдастырушысы сот үкімімен 240 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылатын болды. Естеріңізге сала кетейік, жыл басында “Азия” дәмханасында бұл азаматтың заңсыз қызметі әшкереленген болатын. Ғимаратты тінту кезінде үш покер үстелі, рулеткасы бар үстел, 2500 фишка және ақша табылған.
Өткен он ай ішінде заңсыз ойын бизнесіне қатысты 12 қылмыс анықталды. Соның ішінде 1 астыртын казино мен 11 онлайн-казиноның жұмысы тоқтатылды. Контрафактілік өнімдердің заңсыз айналымына қатысты 5 қылмыстың беті ашылды. Заңсыз жолмен дискі жасаған 3 астыртын цехтың жұмысына тосқауыл қойылды.
СҚО бойынша ЭҚСЖКД-нің баспасөз қызметі.