Біз осымен екінші рет Президент күнін атап өткелі отырмыз. Бұл мереке барша қазақстандықтар үшін ерекше – ол кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі беделді және ықпалды көшбасшылардың бірі ретінде Қазақстанның сенімді де орнықты дамуының, мемлекеттікті құру ісінде еліміздің зор табыстарының куәгері. Бұл жетістіктердің барлығы – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қажырлы еңбегінің жемісі және олардың барлығы оның Отанымыздың игілігі мен гүлденуі және татулық жолындағы талмас еңбегіне тікелей байланысты.
Жамал АХМЕТОВА,
кәсіподақтардың облыстық кеңесінің төрайымы, Тәртіптік кеңестің мүшесі.
Кеңес Одағы ыдырағаннан және тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан да басқа республикалар сияқты, өз алдына дербес мемлекет құру, нарықтық экономикаға көшу, демократиялық қоғам құру және ұлттық сана-сезімді нығайту мақсатын қойды. Мемлекет басшысының алдында дамудың басымдықтарын, реформалар кезеңдерінің реттілігін таңдауда қиын мәселелер тұрды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев экономикалық дамуды бірінші дәрежелі бағыт ретінде айқындап, экономиканы біртіндеп реформалау жолын таңдады.
Мемлекет басшысының таңдауы дұрыс болғанын өмір көрсетті. Нұрсұлтан Назарбаевтың “алдымен – экономика, сосын – саясат” тұжырымы кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі табысты реформалардың классикалық көрінісі болды. Біздің еліміздің табысының арқасында “қазақстандық даму моделі” ұғымы кең таралды, ол әбден сараланған және терең ой елегінен өткізілген стратегия негізінде айқын белгіленген бағыт бойынша үдемелі алға жылжудың қорытындысы болып отыр. Тарихи өлшемдер бойынша осынша аз уақыт ішінде Қазақстан дербес, саяси және экономикалық тәуелсіз мемлекетке айналды.
Қазақстанның тарихи жетістіктерінің себептерін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айқын көрсетті. Оның айтуынша, біз өзіміздің бір кездері таңдап алған және осы уақытқа дейін айнымаған, жеке қазақстандық даму жолымызбен келе жатырмыз. Әлемдік тәжірибені талдай және зерттей отырып, біз эволюциялық жолды таңдадық. Біз ешкімге еліктемей, өз еліміз бен халқымызға қажеттіні істеуге тырысамыз. Және ол біздің қолымыздан келеді.
Әлемдік сарапшылар Қазақстанның болашағы жарқын болатынын болжап отыр, мұны олар жүргізілген экономикалық реформалармен, экономикалық өсіммен, еліміздің ресурстарымен, ішкі тұрақтылықпен және сыртқы беделмен байланыстырады.
Әлемнің Қазақстанға деген сенімінің өсуі түсінікті де, өйткені елімізді көптеген жылдар бойы экономикалық, саяси және әлеуметтік реформаларды табысты жүзеге асыруда зор тәжірибесі бар жалпыұлттық Елбасы – Президент Нұрсұлтан Назарбаев басқарады. Ол – өзінің әлеуеті жағынан бірегей, әлемдік ауқымдағы шын мәніндегі ғұлама тұлға. Бүгінгі күні өзінің саяси әлеуеті және ойының кеңдігі жағынан Қазақстан Президентіне тең келетін осындай басқа көшбасшыны атау қиын. ТМД елдерінің көптеген қарапайым адамдары “Назарбаев факторының” маңыздылығын шын жүректерінен шыққан: “Қазақстанның жолы болды, өйткені онда Назарбаев бар!” деген сөздермен түсіндіреді. Оның таңғажайыптығының негізі еліміздің дамуының сара жолын жасағандығында ғана емес. Ең бастысы – ол жария еткен қарапайым да табиғи құндылықтар жылдар өте келе қазақстандық қоғамның өзіндік құндылықтары мен басымдықтарына, қазақстандық сәйкестік факторына айналды. Олар қоғамдық идеологияның негізі болды. Назарбаевтың феномені – тұрақты даму, этносаралық және конфессияаралық келісім, ұлттық бірлік. Қоғам осы құндылықтарды өз бойына сіңірді және сонымен өмір сүреді. Нақ осы негізгі құндылықтардан айнымау қазақстандық қоғамды біріктіруші факторларға айналды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған қоғамды әлеуметтік жаңғырту мән-мәтінінде осызаманғы даму кезеңінде азаматтық институттардың рөлі арттырылғандығы айтылған және бұл заңды да. Мемлекет басшысы еліміздің кәсіподақ қозғалысына тұрақтылық тірегі, әлеуметтік-еңбек қатынастарының негізгі элементі деген сипаттама берді.
Бүгінгі күні облыстың кәсіподақ ұйымдарында кәсіподақ қызметін жаңғырту тәжірибесі атқарылып жатыр, олар бастауыш кәсіподақ ұйымдарын нығайтуға, еңбек адамының мүдделері мен құқықтарын қорғау бойынша кәсіподақ жұмыстарының әдіс-тәсілдерін жетілдіруге бағытталған. Үстіміздегі жылғы 28 қаңтардағы ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан кәсіподақтары федерациясының бас кеңесінде жасаған әлеуметтік жаңғырту туралы мақаласында айтқан маңызды міндеттері олардың басты назарына алынды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР “Кәсіподақтар туралы” Заңның жаңа жобасы жасалды. Елбасы өңірлерді дамыту міндеттері бірінші орынға қойылатынын атап айтты. Сондықтан ол Кәсіподақтар федерациялары облыстық филиалдарының жергілікті билік органдарымен, “Нұр Отан” партиясы филиалдарымен және Қазақстанның Азаматтық альянсымен серіктестік қарым-қатынасын күшейту міндетін қойды. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі, кәсіподақтардың облыстық кеңесі және кәсіпкерлер мен жұмысберушілер бірлестіктері арасындағы келісім аясында облыстық үш-жақты комиссияның отырысы өткізіледі. Оларда облыстың экономикалық және әлеуметтік дамуының кешенді бағдарламаларын жүзеге асыру, әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы жұмысшыларды қорғау, әлеуметтік серіктестікті одан әрі дамыту мәселелері қарастырылады. Облыстың одан әрі әлеуметтік-экономикалық өрлеуі және өмір деңгейінің көтерілуіне әкелетін тұрақты әлеуметтік диалог құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Кәсіподақтар жұмысшылардың нағыз қорғаушысына, жұмыс берушілер бірлестіктері мен мемлекеттік билік органдарының жауапты серіктестеріне айналуда. Олар тиімді ұжымдық шарттар жасайды, кәсіби тұрғыда келіссөздер науқанын жүргізеді. Қазіргі жағдайларда бізге жаңаша жұмыс істеу керек, адамдарды тәлімгерлер, өндіріс озаттары, еңбек әулеттері үлгісінде тәрбиелеуге, өз әлеуетін еңбек әрекетінде жүзеге асыруға үйретіп, жалпыға ортақ және әділетті еңбектің жоғары адамгершілік мұраттарын қалыптастыруымыз керек.
Тұңғыш Президент күні – біздің ерекше мерекеміз, өзінің идеялық маңызы жағынан егеменді даму жолындағы Қазақстанның барлық жетістіктерін көрсетеді. Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстанның бірлігін, Конституцияның, адамдар мен азаматтардың құқықтары мен еркіндігінің қорғалуын қамтамасыз еткен, жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы. Елбасы тарихымызда барлық қазақстандық қоғамды біріктіруші фактор болды және болып қала береді. Мереке қарсаңында кәсіподақтар ұйымдары кәсіподақтар қозғалысына қолдау көрсеткені және ұдайы назарда ұстағаны үшін Президентке алғыстарын білдіре отырып, “Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай” тұжырымдамасы мен “Қазақстан – 2050” Стратегиясының алға қойған міндеттерін табысты жүзеге асыру үшін бар күш-жігерін салатынына сендіреді.